Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Шұғыла Өмірбек АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан U23 әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz. Ол 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлде үшін Украинаның спортшысы Снежана Онуфриевамен күресті. Белдесуде 11:10 есебімен Шұғыла Өмірбек жеңіске жетті. Осылайша, Қазақстан әйелдер күресінен әлем чемпионатындағы алғашқы медалін иеленді. Кеше ерлер арасындағы жарыста Қазақстан құрамасының қоржыны тағы 3 ...
Read More »Tag Archives: әлем чемпионаты
Қазақ волейболы: сұрақ көп, жауап жоқ
Төртжылдықтың басты додасы ХХ жазғы Азия ойындары да аяқталды. Қазақстан спортшыларының жетістіктері де бар, алайда көңіл көншітпейтін нәтижелер мен қордаланған мәселелер одан да аз емес. Қазір сала мамандары жарыс қорытындысын саралап, спорттағы кемшіліктерді ашық сынап, нақты ұсыныстарын білдіруде. Бұл — заңды әрі қажетті үдеріс. Өйткені, спорттағы әрбір жеңіс пен жеңілістің артында мемлекет қаржысы, мыңдаған спортшының маңдай тері, бапкерлердің еңбегі және ...
Read More »Күрестен ӘЧ: Қазақ балуандары тағы үш жүлде алды
АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен U23 әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы үш медальмен толықты. Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының соңғы мәліметіне қарағанда, грек-рим күресінен 87 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз Темірлан Тұрдақын (суретте) финалда ирандық Ясин Әли Яздимен белдесіп, 0:4 есебімен жеңілді. Сөйтіп, балуанымыз күміс медальге ие болды. Сондай-ақ бүгін Арсен Жұма (-55 кг) ...
Read More »Қазақ балуандары АҚШ-та әлем чемпионы атанды
АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында еліміз үшін тарихи оқиға болды. Бұл дүрмекті додада Айбек Айтбеков пен Юсуф Ашрапов грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды. Сөйтіп, Қазақстан балуандары U23 әлем чемпионаты тарихында алғаш рет бір жарыста екі алтын медаль жеңіп алды. Сонымен қатар, Темірлан Тұрдақын финалға шығып, Джохар Узаров қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды. ...
Read More »Баку бозкілемі қазақ күресінің кеңістігін кеңейтті
Әзербайжанның астанасы Бакуде өткен қазақ күресінен XII әлем чемпионаты төл күрестің халықаралық деңгейдегі бәсекесі жыл өткен сайын күшейіп келе жатқанын көрсетті, деп хабарлады Qazaq Kuresi Ассоциациясының баспасөз қызметі. Екі күнге созылған додаға 24 елден 159 спортшы қатысып, ерлер мен әйелдер арасында 16 салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпиондары анықталды. Соның 11-інде Қазақстаннан өзге мемлекеттердің балуандары жеңіске жетті. Баку бозкілеміндегі нәтиженің басты ...
Read More »Оннан астам ел бірігіп қазақ күресін дамытуға келісті
Әзербайжанның астанасы Бакуде өтіп жатқан қазақ күресінен ересектер арасындағы әлем чемпионаты кезінде Qazaq Kuresi қауымдастығы мен қатысушы елдердің ұлттық федерация өкілдері кездесті, деп хабарлайды Qazaq Kuresi қауымдастығының баспасөз қызметі. Басқосуда қазақ күресінің халықаралық деңгейдегі дамуы сөз болып, 12 елдің өкілі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Жиынды Qazaq Kuresi қауымдастығының бас директоры Мейіржан Берекетов ашты. Ол ұлттық федерация басшылары мен спорт ...
Read More »«Өз арамызда өтірік айтатын адам бар» – Фабио Каннаваро
Футболдан Өзбекстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Фабио Каннаваро алғаш рет команданың әлем чемпионатындағы ойындарына қорытынды жасап, құраманың сәтсіздігін түсіндірді. Instagram-дағы эфирден белгілі болғандай, баспасөз мәслихатында бас жаттықтырушыға әлемдік додадан кейін неліктен бірден командамен бірге Өзбекстанға бармай, Италияға демалуға кетіп қалғаны, бас жаттықтырушы ретінде қанша айлық алатыны, құраманың алдағы Азия кубогына дайындығы туралы сұрақтар қойылды. Каннаваро сын-пікірлер мен әлем чемпионатынан кейін ...
Read More »Су добынан ӘЧ: Қазақстан екінші жеңісіне жетті
Су добынан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатындағы екінші матчын Сингапур командасымен ойнап, қарсыласын 16:15 есебімен жеңді. Ойынның негізгі уақыы тең аяқталды. Содан кейін отандастарымыз пенальти сериясында сингапурлықтардан басым түсті. Қорытынды есеп — 16:15. Ернар Тілекқабыл үздік ойыншы атанды. Ұлттық құрама әлем чемпионатындағы алғашқы ойында Мысырдан 9:14 есебімен жеңілген болатын. Бүгін, 5 тамызда, ұлттық құрама Уругвай ватерполистерімен ойнайды. Дастан КЕНЖАЛИН ...
Read More »ТОП-5: Қазақстан күрестен үздік бес елдің қатарында
Әзербайжанның астанасы Баку қаласында 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы күрестен әлемнің үздік елдерінің қатарына қосылды. Қазақстан күрес федерациясының хабарлауынша, ұлттық құраманың балуандары грек-рим, еркін және әйелдер күресінің нәтижесі бойынша 225 ұпай жинады. Қолда бар мәліметке қарағанда, Ресей спортшылары жалпы есепте 305 ұпаймен бірінші орын алса, АҚШ 294 ұпаймен екінші, Үндістан 250 ұпаймен үшінші, Иран 231 ұпаймен төртінші орынды иеленді. ...
Read More »Жас балуандар әлем чемпионы атанды
Әзербайжанның астанасы Баку қаласында күрестен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының балуандары Дияр Аманәлі мен Бақдәулет Ағабек алтын жүлдені жеңіп алды. Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, еркін күрестен 48 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде Бақдәулет Ағабек финалда Үндістанның өкілі Аарьян Аарьянды 10:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды. Ол қарсыласын техникалық басымдықпен жеңді. Оған дейін Бақдәулет Ағабек бес белдесудің барлығында жеңіске жетті. ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары