Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан XIX Азия ойындарында Павел Ильяшенко мен Кирилл Стадник қазіргі бессайыс жарысының финалына шықты. Іріктеу кезеңінде спортшылар семсерлесу, 10 метрден нысана көздеу, 200 метрге жүзу және 3 шақырымға жүгіруден сынға түсті. Финалда осы жарыстарға тағы конкур қосылады. Бүгін түстен кейін жартылай финалда Темірлан Абдраимов пен Георгий Борода-Дудочкин финалға шығу үшін бақ сынайды. Әйелдердің сайысында жарысқа қатысушылардың ...
Read More »Tag Archives: Азия ойындары
Мұхтархан Ділдәбеков: «Әттең, Қамшыбекке бір «қамшы» жетіспей тұр» (ВИДЕО)
You tube-тегі QAZAQ RING арнасында Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, аса ауыр салмақта Олимпиалық ойындардың және әуесқой бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, «Парасат» орденімен иегері Мұхтархан Ділдәбеков Қазақстан ұлттық құрама командасының аса ауыр салмақтағы боксшысы Қамшыбек Қоңқабаевтың шаршы алаңдағы жекпе-жектері туралы ойларын айтты. 2000 жылғы Сидней Олимпиадасының күміс медалисі ұлттық құраманың боксшысына батылдық жетіспей тұрғанын ескертті. Азия ойындары болсы, басқа жарыс болсын ...
Read More »XIX Азия ойындары: Қазақстанның мемлекеттік туы көтерілді
Қытайдың Ханчжоу қаласында еліміздің мемлекеттік туы көтерілді. Мемлекеттік туды көтеру салтанатына Қазақстан делегациясының құрамындағы спортшылар мен команданың басқа мүшелері қатысты, деп хабарлады Olympic.kz. Салтанатты рәсім тиісті деңгейде өтті. Оған осында келген спортшылар мен олардың жаттықтырушылары, делегацияның басқа да мүшелері қатысты. Кешеден бері кейбір спорт түрінен жарыстар басталып кетті. Мәселен, академиялық ескек есуден әйелдер және ерлер коамандасы финалға шығып үлгерді. Мемлекеттік ...
Read More »XIX Азия ойындары: Қазақстан академиялық ескек есуден финалға шықты
Қытайдың Ханчжоу қаласында XIX жазғы Азия ойындары салтанатты түрде ашылмас бұрын кейбір спорт түрлерінен жарымстар басталып кетті. Бүгін академиялық ескек есуден (әйелдер екілігі) Қазақстан командасының финалға шыққаны туралы хабар келді. Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, кеше спорттың осы түрінен іріктеу кезеңдері өтіп, Қазақстан құрамасының сапында Светлана Германович пен Мария Чернец финалға жолдама алды. Спортшылар іріктеу кезеңдерінен сәтті өтіп, енді ...
Read More »XIX Азия ойындары: Қазақстан құрамасы Қытайға барды (ВИДЕО)
Қазақстан құрамасы XIX жазғы Азия ойындарына қатысу үшін Қытайдың Ханчжоу қаласына барды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Қытайға спортшылар мен команда өкілдері Алматыдан чартерлік рейспен жетті. Азиадаға бірінші болып бокс, жүзу, үстел теннисі, үлкен теннис, нысана көздеуден, су добынан әйелдер құрамасы, семсерлесу, спорттық гимнастика, дзюдо, регби-7, гандболдан ерлер командасы аттанды. Енді бұдан басқа да спортшылар жарысқа қатысу үшін кестесіне ...
Read More »Азиадада Қазақстанның шұғыл штабы құрылады
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Азия ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабымен кездесті. Министр жарыс алдындағы соңғы оқу-жаттығу жиындарының қорытындысымен танысып, спортшылардың жалпы дайындығы туралы сұрастырды. Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, құрама жаттықтырушылары спортшылар жарақаттан аман, физикалық дайындықтары мығым және тек жоғары сынамалы жүлде алуға ниетті екендіктерін айтты. Сондай-ақ Алматы облысындағы республикалық олимпиадалық даярлық базасы үшін алғыс айтты. Алдағы ...
Read More »Қазақстан спортшылары XIX Азия ойындарына аттанды (ФОТО, ВИДЕО)
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Алматы облысындағы республикалық олимпиадалық даярлық базасында XIX жазғы Азия ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасымен кездесті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі. Сары құрлықтың басты жарысы 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтеді. Төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын жарысқа еліміздің атынан 524 атлет қатысады. Олар 30 спорт түрінен 305 медаль үшін ...
Read More »Алға, XIX Азиадаға!
Бүгін Алматыға таяу орналасқан Кешенді Олимпиадалық даярлау орталығында Қазақстан ұлттық құрама командасын Қытайдың ХАНЧЖОУ қаласында өтетін XIX жазғы Азия ойындарына салтанатты шығарып салу рәсімі өтті. Қазақстаннан Азиада тарихында ең көп спортшы — 525 атлет баратын бұл жолғы салтанатты шығарып салуға таяуда ғана тағайындалған туризм және спорт министрі Ермек Боранбайұлы Маржықбаев арнаулы келіп,спортшыларымызға ақ жол мен жеңіс тіледі. Бұл шараға Қазақ ...
Read More »XIX Азия ойындары: Қазақстан спорттың 30 түрінен 305 жүлдені сарапқа салады
Қазақстан спортшылары XIX Азия ойындарының бағдарламасына қосылған 40 спорт түрінің 30-нан бақ сынайтын болады. Отандық спортшылар 44 дисциплина бойынша 305 медаль үшін жарысқа шығады. Жалпы биылғы Азиадада 61 дициплина бойынша 481 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Азия ойындарына 524 қазақстандық спортшы қатысады. Әрине, кейбір спорт түрлерінен басқа жарыстарға қарағанда медаль алу мүмкіндігіміз көп. Біз үшін спортшыларға барынша қолайлы жағдай туғызу маңызды. ...
Read More »XIX Азия ойындары: Су добынан Қазақстанның ерлер құрамасының қарсыластары анықталды
Қытайда су добынан өтетін Азия ойындарында Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары анықталды. Турнир 25 қыркүйек – 8 қазан аралығында Ханчжоу қаласында өтеді. Ұлттық құрама 2-7 қазан аралығында өнер көрсетеді. Жарысқа келген барлығы 8 құрама екі топта ойнайды. Қазақстан құрамасы В тобында сынға түседі. Олар алдымен 2 қазанда Гонконг командасымен, 3 қазанда Жапонияның ватерполшыларымен, 4 қазанда Сингапур құрамасымен ойнайды. Одан кейін 5 ...
Read More »