• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    XIX Азиада: Сәкен Бибосынов пен Хасанбой Дусматов қолғап түйістіреді

    28 қыркүйекте Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында бокстан 1/8 финалдың жекпе-жектері болады. Осы күні 51 келі салмақ дәрежесіндегі Сәкен Бибосынов Өзбекстанның боксшысы Хасанбой Дусматовпен қолғап түйістіреді.

    Бұл айқаста жеңген боксшы ширек финалға шығады. Одан кейін жартылай финал мен финалға жолы ашылуы мүмкін. Өйткені, биылғы Азиадада қазақ пен өзбек былғары қолғап шеберлеріне еі келетін спортшылар аз. Сәкен Бибосынов былтырғы әлем чемпионы болса, Хасанбой Дусматов – 2016 жылғы Олимпиада чемпионы, Азия чемпионатының үш дүркін жеңімпазы (2015, 2017, 2022).

    2021 жылы өткен әлем чемпионатында Бибосынов өзбек қарсыласын 5:0 есебімен жеңген болатын. Одан кейін 2022 жылы Азия чемпионатында қазақ боксшысы қарсыласынан 1:4 есебімен жеңілген еді.

    Биылғы Азиада да Сәкен жарысты жақсы бастады. Ол  1/16 финалда Азия чемпионатының жүлдегері моңғолиялық Орхонт Оноболдты 5:0 есебімен жеңді.

    Мен бірінші кездесуімде жеңіске жеттім. Азия ойындарына осал қарсылас келмейді. Моңғол боксшысын бұрыннан білемін. Жаттықтырушылардың тактикасын дұрыс орындадым. Қабағымнан кішкене жарақат алып қалдым. Ол енді өзімнің кінәм. Бапкерлерім аяқта тұрма, еңкейме деген. Бапкерді тыңдамағанда осылай болады.

    Енді екі күннен кейін 28 қыркүйекте өзбек боксшысы Хасанбой Дусматовпен жұдырықтасамын. Мен Азиадаға чемпион болу үшін, сосын Олимпиадаға лицензия алу үшін келгенмін. Хасанбой Дусматовпен бір рет кездесіп, оны жеңген болатынмын. Енді оны тағы да жеңіп, елімізді қуантқым келеді, — деді осы жекпе-жектен кейін Сәкен Бибосынов.

    Дусматов та 1/16 финалда кореялық Чо Сен Юннен басым түсті.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    ФОТО: AIBA

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *