• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Футболдан Қазақстан құрамасы алдағы матчтарға тізімін жарияланды

    Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде 14 қазанда Дания командасымен және 17 қазанда Финляндия құрамасымен болатын матчтарға шақырту алған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады.

    Жалпы тізімге 34 футболшы енді.

    Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Александр Заруцкий («Астана»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»);

    Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасы»), Бағдат Қайыров, Роман Асранкулов (екеуі де – «Тобыл»), Ян Вороговский, Александр Марочкин, Тимур Досмағамбетов (барлығы – «Астана»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Еркін Тапалов («Қызылжар»), Лев Скворцов («Химки», Ресей), Александр Зуев (ИМТ, Сербия);

    Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген («Ордабасы»), Рамазан Оразов («Копер», Словения), Максим Самородов, Арман Кеңесов (екеуі де – «Ақтөбе»), Аслан Дарабаев, Абзал Бейсебеков, Эльхан Астанов, Исламбек Қуат (барлығы – «Астана»), Бақтиер Зайнутдинов («Бешикташ», Түркия), Самат Жарынбетов, Ислам Чесноков (екеуі де – «Тобыл»), Әділет Садыбеков («Қайрат»);

    Шабуылшылар: Абат Айымбетов, Владислав Прокопенко (екеуі де – «Астана»), Вячеслав Швырев («Қайрат»), Рамазан Кәрімов («Мақтаарал»), Иван Свиридов («Шахтер»);

    Жаттықтырушылар штабы: Магомед Адиев – бас жаттықтырушы, Руслан Балтиев – бас жаттықтырушының көмекшісі, Евгений Коструб – бас бапкердің көмекшісі, Валерий Ситало – қақпашылардың жаттықтырушысы, Ерлан Ибраим – дене даярлығы жаттықтырушысы, Амаль Сыздықов – сарапшы бапкер, Арсений Савенко – сарапшы, Эльшад Хинизов – бейнеаналитик.

    Оқу-жаттығу жиыны 6 қазанда Алматыда басталады. Ойыншылардың нақты тізімі кейін белгілі болады.

    Қазақстан құрамасы қазан айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде сырт алаңда екі матч өткізеді. 14 қазанда ұлттық құрама Дания командасымен Копенгаген қаласында ойнайды. Матч «Паркен» стадионында Астана уақытымен сағат түнгі 00:45-те басталады.

    Үш күннен кейін ұлттық құрама Финляндия командасымен жасыл алаңға шығады. Ойынның басталуы Астана уақытымен сағат 22:00-ге жоспарланған. Матч Хельсинки қаласының «Олимпия» стадионында өтеді.

     

    Қазақстан футбол федерациясы

    ФОТО: Қазақстан футбол федерациясы

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *