• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    XIX Азиада: Қазақстан қоржынына тағы бір жүлде түсті (ФОТО)

    Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азиадада Қазақстан спортшыларының қоржынына тағы бір жүлде түсті. Бұл жолы да қола медаль келді. Оны дзюдодан 63 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Эсмигүл Куюлова жеңіп алды. Ол өзбек спортшысы Севинч Исоковадан басым түсті. 

    Жеңіс оңай келмейді. Бірақ бүгін Эсмигүл жеңіске деген құлшынысын көрсетті. Оның алда үлкен жеңістер күтіп тұрғанына күмәнім жоқ, – деді Азиадада жарысты тамашалаған туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

    Бұл Қазақстан құрамасының биылғы Азиададағы дзюдодан үшінші медалі. Кеше 48 кг дейінгі салмақта Абиба Әбужақынова күміс медаль жеңіп алса, Мағжан Шамшадин 60 кг дейінгі салмақта қола медаль иеленді.

     

    Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

    ФОТО: Туризм және спорт министрлігі

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *