• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    XIX Азия ойындары: жүлденің бәрін дзюдошылар алып жатыр (ФОТО)

    Бүгін Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында елімізге төртінші жүлдені тағы да дзюдошы жеңіп алды. Бұл медальді 81 келі салмақта өнер көрсеткен Абылайхан Жұбаназар иеленді. Ол қола жүлде үшін белдесуде өзбекстандық Мусо Собировтан басым түсті.

    Сөйтіп, әзірше, Қазақстан дзюдошылары 1 күміс, 3 қола жүлде иеленді.

    Балуан 2001 жылы Қызылорда облысында туған.

    Әлемдік рейтингте 2646 ұпаймен 15-орында келеді.

    Абылайхан Жұбаназар — халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстаның бірнеше дүркін чемпионы. Биыл Гранд Слам халықаралық рейтингтік турнирде екінші орын алған. Жаттықтырушысы — Қалиұлы Қален.

    Бұған дейін хабарланғандай, Әбиба Әбужақынова 48 келіге дейінгі салмақта күміс медальді жеңіп салса, 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Мағжан Шамшадин мен 63 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Эсмигүл Куюлова қола жүлдені иеленген болатын.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *