• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    XIX Азиада: Қазақстан құрамасының қоржынына екінші күміс жүлде түсті

    Ханчжоу қаласынан Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір күміс күміс медаль түскені туралы хабар келді. Бұл жүлдені құрамында Бақтияр Ыбыраев, Андрей Худяков пен Асадбек Нәзірқұлов бар Қазақстан командасы 10 метрден қозғалмалы нысананы көздеуден алды. Олар Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.

    Қазақстан командасы  1111 балл жинады. Бірінші орынды Оңтүстік Кореяның мергендері 1116 санап алып, иеленді. Үшінші орынға 1098 ұпаймен Индонезияның спортшылар  ие болды.

    Сөйтіп, Қазақстан спортшылары оқ ату бойынша жарыстарда үшінші жүлдесін жеңіп алды. Бұған дейін Никита Чирюкин жылдам атылатын мылтықтан қола медальді иеленсе, тағы бір қола жүлдені Ислам Сәтпаев пен Александра Ле жұбы қанағат тұтты. Олар 10 метрлік пневматикалық мылтықтан ату жарыстарында өнер көрсетті.

     

    Туризм және спорт министрлігі

    ФОТО: Туризм және спорт министрлігі

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *