Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Анастасия Рыпакова Оңтүстік Кореяның Йечхон қаласында өтіп жатқан Korea Open Athletics Meeting турнирінде күміс жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиадалық комитет. Ол ұзындыққа секіру сайысында екінші орынға ие болды. Анастасия Рыпакова 5.92 метрге секірді. Бірінші орынды оңтүстіккореялық Ю Чон Ми (6.04 м) иеленсе, қола жүлде Таиланд спортшысы Паринья Чуаймаруэнгке (5.54 м) бұйырды.
Read More »Tag Archives: Анастасия Рыпакова
Ольга Рыпакованың қызы Азия чемпионатының қола жүлдесін алды
Жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың қызы Анастасия Рыпакова жасөспірімдер арасында Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Азия чемпионатында қола жүлдені жеңіп алды. Ол ұзындыққа секіруден фаворит болып, 5,9 метрге секірді. Бұған дейін Рыпакова Қазақстан чемпионатында 6,21 метрге қарғыса, қыста 6,25 метр көрсеткіш тіркеген. Алайда Азия чемпионатында бұл нәтижелерін қайталай алмады. Азия чемпионатының алтын жүлдесін қытайлық жеңіл атлет Хуан Иньинь жеңіп алды. ...
Read More »