«Барыстың» хоккейшісі Дінмұхамед Қайыржан ҚХЛ-дегі «Витязь» командасына қарсы кездесуде бір жұлдызға ие болды. Бұл кездесуде «Барыс» өз алаңында қарсыласынан 2:3 есебімен ұтылып қалды. Ал 19 жастағы Қайыржан елордалық команданың екінші шайбасын соқты. «Жақсы ашылып, екі шайба соғатын мүмкіндіктің біреуін сәтті пайдаланды», — деп жазады Қайыржан туралы ҚХЛ ресми сайты. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »