UEFA Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінде «Астана» Молдованың «Зимбру» командасымен ойнап, 1:1 есебімен тең түсті. Матчтың бірінші таймында қонақтар бірінші болып есеп ашты. 45-минутта Гай Дахан гол салды. Екінші таймның 56-минутында «Астана» сапынан Иван Башич алаң иелерін жеңілістен құтқарды. Енді келесі ойын 31 шілдеде болады. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »