• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Теннис

    Аңсар Ниетқалиев Еуропада жылдың үздік ойыншысы атанды

    14 жастағы Аңсар Ниетқалиев Еуропа теннис қауымдастығы (Tennis Europe Tour) тарапынан «Жылдың үздік шетелдік ойыншысы» атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Аңсар Ниетқалиев Еуропа одағына кірмейтін елдер арасынан озып шықты. Биыл ол TE рейтингісінде жылды 41-орынмен аяқтады. Осы маусымда теннисші жекелей сында Soul Cup ((Istanbul, Türkiye, екінші санат), Ankara Cup (Ankara, Türkiye) және Ergan Cup (Erzincan, Türkiye, екеуі де үшінші ...

    Read More »

    Жібек Құламбаева Үндістандағы жарыстың жартылай финалына шықты

    Теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Үндістанның Нави-Мумбай қаласында өтіп жатқан ITF W50, турнирінің жартылай финалына шықты. Жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген Құламбаева үнді Шривалли Бхамидипатимен бірге ширек финалда Таиландтың өкілдері Тхасапори Накло мен Буньяви Тамчайватты 7:5, 6:4 есебімен жеңді. Жібек Құламбаева мен Шривалли Бхамидипати финалға шығу үшін үндістандық дуэт Рия Бхатия мен Зил Дисаимен ойнады. Бұл жұп турнирдің 4-ракеткалары, жапон Хироко ...

    Read More »

    Жібек Құламбаева Португалиядағы жарыстың жеңімпазы атанды

    Теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Лозада (Португалия) ITF W35 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол Беларусь елінің өкілі Юлия Готовкамен бірге соңғы бәсекеде ресейлік Полина Яценко мен бельгиялық Ханне Вандевинкельмен кортқа шықты. Бірінші партияда Құламбаева – Готовко 6:3 есебімен басым түссе, екіншісінде ресейлік-бельгиялық  дуэт6:1 есебімен  есе қайырды. Супер тай-брейкте Жібек мен Юлия қарсыластарын 10:4 есебімен жеңді.

    Read More »

    Анна Данилина жыл үздігіне үміткер атанды

    Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) маусым қорытындысы бойынша анықталатын жылдың үздіктеріне үміткерлер тізімін жариялады, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Анна Данилина ресейлік Ирина Хромачёвамен бірге «Жыл дуэті» аталымы бойынша үміткерлер қатарына енді. Сондай-ақ үміткерлер қатарында мына жұптар бар: 1.Габриэла Дабровски (Канада) мен Эрин Рутлифф (Новая Зеландия); 2.Анна Данилина (Қазақстан) мен Ирина Хромачёва (Россия); 3.Се Шувэй (Қытайлық Тайбэй) мен Элисе Мертенс (Бельгия); ...

    Read More »

    Юрий Щукин: «Команда жақсы ойнап, көздеген мақсатына жетті»

    Теннистен Қазақстан құрамасының капитаны Юрий Щукин Билли Джин Кинг кубогы аясында Астанада Кореямен екі күндік плей-офф матчын қорытындылады, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Өз елімізде Корея құрамасын жеңіп, онда барлық қыздарымыздың өнер көрсеткеніне өте қуаныштымын. Зарина ұзақ үзілістен кейін тамаша ойнады. Бұл оған күш қосады деп ойлаймын. Жұптық бәсекеде жеңіліп қалғанына қарамастан, команда мықты ойын өрнегін көрсетті. Екі күн бойы ...

    Read More »

    Қазақстан құрамасы Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңіне шықты

    Астанада Билли Джин Кинг кубогы аясында Қазақстан мен Корея плей-офф матчында есеп 3:0-ге жетті, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Жарыстың екінші күні кортқа Елена Рыбакинаның орнына әлемнің 29-ракеткасы Юлия Путинцева шықты. Ол дүниежүзілік рейтингіде 418-орында тұрған Ку Ен Вумен ойнап, 6:4, 7:5 есебімен тізе бүктірді. Осылайша, Қазақстан құрамасы қалған ойындардың нәтижесіне қарамастан, алдағы жылы сәуірде өтетін Билли Джин Кинг кубогының ...

    Read More »

    ТОП-5: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатында алғаш рет бестікке кірді

    Түркияның Анталия қаласында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы өз тарихында алғаш рет Дэвис кубогында бесінші орынға ие болды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Сергей Квак жаттықтыратын жасөспірімдер құрама командасы бесінші орын үшін ойында Франция құрамасымен кездесті. Топтық бәсекеде отандастарымыз Франция жасағын 2:1 есебімен жеңген болатын. Бұл жолы Дамир Жалғасбай бірінші ойында Фердинан Ливені 6:3, 6:4 есебімен жеңсе, екінші матчта Заңғар Нұрланұлы Муаз ...

    Read More »

    WTA турнирі: Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

    Қазақстан құрамасының теннисшісі Елена Рыбакина Ар-Риядта(Сауд Арабиясы) болып жатқан WTA қорытынды турнирінде үшінші рет кортқа шығып, әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкомен (Беларусь) ойнады, деп хабарлады Olympic.kz.  Рыбакина Соболенконы үш сетке созылған ойында 6:4, 3:6, 6:1 есебімен жеңді. Бұл матч турнирдің топтық кезеңі аясында болды. Бұған дейін Рыбакина алғашқы екі ойында италиялық Жасмин Паолини мен қытайлық Чжан Цинвэнге есе жіберді. Ал, ...

    Read More »

    Рыбакина тағы да жылдың қорытынды турнирінде жеңілді

    Қазақстанның бірінші, әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина Ар-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан WTA қорытынды турнирінде екінші матчын өткізді, деп хабарлады ҚТФ. Рыбакина дүниежүзілік рейтингіде өзінен екі саты төмен тұрған қытайлық Чжэн Циньвэньмен ойнады. Осыған дейін қарсыластар бір-бірімен екі рет ойнағанда соның екеуінде де  Рыбакина жеңген болатын. Бұл жолы бірінші партияда қытайлық теннисші 4:1 есебімен алға шықты. Рыбакина таразы басын теңестіргенімен, ...

    Read More »

    Билли Джин Кинг кубогы: Қазақстан әйелдер құрамасы анықталды

    Теннистен әйелдер арасындағы Қазақстан  командасының капитаны Юрий Щукин Билли Джин Кинг кубогының Оңтүстік Кореяға қарсы бірінші матчына қатысатын команда құрамын жария етті.  Ойын Астанадағы Beeline Arena теннис орталығында 16-17 қараша күндері болады. Қазіргі таңда біздің спортшылар Кореяға қарсы ойнауға дайындалып жатыр. Ұлттық құрамадағы спортшылар қатарында Елена Рыбакина, Зарина Дияс, Юлия Путинцева, Анна Данилина, Жібек Құламбаева бар. Біздің құраманың көшбасшысы осы ...

    Read More »