• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Теңге ілу

    Теңге ілу мен Аударыспақтан Азия чемпионаттары басталды

    Бүгін Астанадағы «Қазанат»  атшабарында 1-2 маусым күндері өтетін Теңге ілуден ІІ Азия және Аударыспақтан ІІІ Азия чемпионаттары басталды.  Мәдениет және спорт министрлігі мен Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында өткізілген Азия чемпионаттарында Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Моңғолия, Ресей, Ауғанстан, Қытай,  Түркия мемлекеттерінің  алпысқа жуық спортшылары бақ сынады. Теңге ілуден ІІ Азия чемпионатында оңтүстіктің оғланы Мағжан ...

    Read More »

    Астанада Азия чемпионатының жалауы желбіреді

    Астанаға Аударыспақ және Теңге ілуден Азия чемпионатына қатысатын спортшыларымыз бен бапкерлер келді. Біз орайы келгенде, Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Қуанышбек Құрамаевтан  және аға бапкерлер Жанбатыр Бекмұсаевтан, Нүркен Байбөриевтен  жарысқа даярлық барысы және чемпионатқа қатысатын спортшыларымыз туралы пікірлерін айтып берулерін өтінген едік. Назарларыңызға бапкерлерден естіген  сол пікірлерді қаз-қалпында ұсынуды жөн көрдік.  Ұлттық құрама команданың бас бапкері, Қазақстанның еңбек сіңірген ...

    Read More »

    Теңге ілуден ІІІ Азия чемпионатына қатысатын спортшылар

    Теңге ілу спортының қысқаша тарихы Ұзақ  жылдар бойы той-мерекелерде шағын көрсетілім ретінде ғана ойналып келген Теңге ілу еліміздің ұлтжанды азаматтарының күш салуымен Тәуелсіздік жылдары ұлттық спорт ойыны дәрежесіне көтеріле бастады. Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы атқарған жүйелі жұмыстар 2013 жылдан бастап ұлттық спорт жарыстарын  халықаралық деңгейде өткізуді бір ізге түсірді. 2007 жылы Теңге ілудің арнайы Ережесі жазылып, ұлттық спорт түрлерінен өткізілген  ...

    Read More »

    Аударыспақтан III Азия чемпионатына қатысатын елдер

    Сонымен, Аударыспақтан ІІІ Азия чемпионатының басталуына 6 күн ғана қалды. Жарыс уақыты таяған сайын жанкүйер көңілін «бұл дүбірлі додаға қанша мемлекет қатысады екен?» деген сауалдың жиі мазалайтынын жақсы білеміз. Сондықтан біз бүгін оқырман назарына чемпионатқа қатысатын мемлекеттер спортшыларының толық тізімін ұсынуды жөн көрдік. Ешбір ел мұндай бәсекеге осал спортшыларын әкелмейтіні белгілі. Төмендегі тізім ішінде шет мемлекеттердің таңдаулы саңлақтары бар. Еске ...

    Read More »

    Астанада Азия чемпионатының жалауы желбірейді

    Астанада Теңге ілуден  және Аударыспақтан  Азия чемпионаттарын өткізуге байланысты баспасөз мәслихаты өтті. Оған Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Қазақстан Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті, Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан қатысып, Астанада 1-2 маусымда өтетін Азия чемпионаттары туралы айтып, журналистердің сұрақтарына жауап берді.  Жиында министр мен қауымдастық президенті Азия чемпионаттары жайлы ғана емес, жалпы ұлттық спорт саласындағы атқарылып жатқан ауқымды шаруалар туралы ...

    Read More »

    Азия чемпионатында ел намысын қорғайды

    Таразда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Ұлттық спорт түрлері жаттықтырушыларынан сүйінші хабар келіп жетті. Аударыспақ пен Теңге ілу бойынша іріктеу аяқталып, 1-2 маусымда Астана төрінде өтетін қос Азия чемпионатына қатысатын спортшылардың аты-жөні анықталыпты. Сонымен, 1 маусым күні басталатын Теңге ілуден ІІ Азия чемпионатына кімдер қатысады? Таразда өткен іріктеу сынына ілгері жылдары Теңге ілуден ел чемпионатында жүлдегер атанған бірнеше спортшы шақырылған. Сол үздіктер ...

    Read More »