• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: турнир

    Рыбакина мен Путинцева Miami Open турнирінің жартылай финалы үшін ойнайды

    Хард төсенішінде өтетін WTA 1000 турнирінде қос бірдей қазақстандық теннисші өнер көрсетеді. Толық ақпарат — Olimpbet сараптамасында. Мария Саккари (Грекия) – Елена Рыбакина (Қазақстан). 27 наурыз, 04:00 (Астана уақыты бойынша). 24 жастағы Елена Рыбакина америкалық турнирдің басты фавориті және рейтингі жоғары ойыншысы атанды. Өйткені, планетаның ең мықты теннисшісі Ига Свиатек күтпеген жерден әлемнің 16-шы ракеткасы ресейлік Екатерина Александровадан (4:6, 2:6) ...

    Read More »

    «Ұлы Жібек жолы»: Қазақстан боксшылары жартылай финалға шықты (ВИДЕО)

    Бокстан Әзербайжанның астанасы — Бакуде болып жатқан «Ұлы Жібек жолыһ» халықаралық турнирінде еліміздің бес былғап шебері жартылай финалға шықты. Баку шаршы алаңында Теміртас Жүсіпов (48 кг), Талғат Сырымбетов (60 кг), Дархан Дүйсебай (71 кг), Бекзат Таңатар (86 кг) мен Сағындық Тоғамбай (92 кг) ½ финалда рингке көтеріледі. Бүгін кейбір салмақ дәрежелерінде жартылай финал айқастары басталады. Шаршы алаңға Қазақстанның үш боксшысы ...

    Read More »

    Рыбакина мен Путинцева ширек финалға шықты

    Қазақстан теннисшілері Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева АҚШ-тың Майами штатында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан  теннис федерациясы. Рыбакина төртінші айналымда әлемнің 18-ракеткасы, 2017 жылғы АҚШ чемпионатының финалисі, америкалық Мэдисон Кизбен ойнады. Киз Рыбакина үшін қолайсыз қарсылас деуге болады. Олар осыған дейін үш рет кездессе, соның екеуінде америкалық спортшы жеңіске жеткен еді. Бұл жолы бірінші ...

    Read More »

    Қазақстан боксшылары Литвада 6 алтын медаль алды

    Бокстан Литваның Каунас қаласында Альгирдас Шоцикас атында өткен халықаралық турнирде Қазақстан боксшылары 6 алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы. Сонымен бірге ұлттық құрама 3 күміс және 2 қола медаль иеленді. Қазақстан бокс федерациясының хабарлауынша, 57 келіге дейінгі салмақта Асылжан Серікбай украиналық Денис Роздольскиді екі рет нокдаунға жіберіп, айқын басымдықпен жеңді. Жандос Қыдырәлиев (63, 5 кг) ирландиялық Паул Хэйл ...

    Read More »

    Бас жүлде қанжығамызға байланды

    Ассалямуалейкум ағайын! Бүгін бір керемет жеңісті әрі жемісті күн болды. Әз-Наурыз мерекесіне орай, Өтеген кентінде шағын футболдан дүбірлі турнир болып өтті. Бұл жарысты ұйымдастырған белгілі ардагер спорт журналисі Әлім Анапиянов еді. Ел арсында салуатты өмір салтын дәріптеп жүрген ардақты ағамыздың осындай аламан жарысты Ұлыстың ұлы мерекесіне қатысты ұйымдастыруы мерекелік көңіл-күймен жарасын тапты. Сонымен турнирге 5 команда келіп қатысқан болатын. Айналым ...

    Read More »

    Нұрқанат Серікбаев — дзюдодан Grand Slam турнирінің жеңімпазы! (ВИДЕО)

    Дзюдошы Нұрқанат Серікбаев дзюдодан Тблисиде өтіп жатқан әлемдік Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды. Финалда ол Израиль спортшысы Ям Уолцакты жеңді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. 60 келіге дейінгі салмақта белдескен Нұрқанат Серікбаев жарыста бес рет татамиге шығып, бесеуін де жеңіспен аяқтады. Іріктеу кезеңінде ол Джохан Рожас (Колумбия), Иехонатан Векслер (Израиль) мен Дильшот Халматовтан (Украина) басым түсті. ...

    Read More »

    Бакуде Қамшыбек Қоңқабаев қолғап түйістіреді

    23 наурызда Әзербайжан Республикасының астанасы —  Бакуде «Ұлы жібек жолы» халықаралық турнирі болады. Бір аптаға созылатын жарысқа Қазақстан боксшылары да қатысады, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы. Оған 10-нан астам елден 100-ден аса боксшы қатысып, күш сынасады. Қазақстан құрамасы 11 салмақ дәрежесінде сынға түседі. Ұлттық құрама команданың сапында Теміртас Жүсіпов (48 кг), Дамир Әбдіқадыр (51 кг), Тимур Қабешов (54 кг), Талғат ...

    Read More »

    Астанаға мың бұралған гимнастшылар келе жатыр

    22-25 наурыз аралығында Астанадағы Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінде көркем гимнастикадан ALEM CUP халықаралық турнирі болады, деп хабарлады Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы. Оған 2008-2010 жылдары дүниеге келген және одан кіші санаттағы спортшылар қатысады. Сондай-ақ жарысқа қатысушылар топтық жаттығуларда да бақ сынайтын болады. Турнир Халықаралық гимнастика федерациясының (FIG) көркем гимнастика бойынша 2022-2024 жылдары қолданыстағы ережелеріне сәйкес өткізіледі. Астана ...

    Read More »

    Қазақстан каратэшілері Түркияда бес жүлде алды

    Түркияның Анталья қаласында WKF каратэден ересектер арасындағы Karate1 Premier League — Antalya 2024 турнирі аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Оған 60 елден үздік 400-ге жуық татами шебері қатысса, соның ішінде дүниежүзі рейтингінде әр салмақтың үздік 32 (ТОП-32) спортшысы бақ сынады. Елімізден 14 каратэші күш сынасты. Кумите бағдарламасында 50 келіге дейінгі салмақта қатысқан Мөлдір Жаңбырбай финалдағы ...

    Read More »

    Жетісу кубогын «Манас» командасы жеңіп алды

    Талдықорғанда бильярдтан ардагерлер арасында «Жетусу кубогы» III халықаралық жарысы аяқталды. Кубокты Қырғызстанның Бішкек қаласының «Манас» командасы жеңіп алды. Екінші орынды Шымкенттің «Тұран» клубы иеленсе, қола медальге  Астана қаласының  «Ауыл Ұландары» ұжымы ие болды. Былтыр «Отбасы және Ардагерлер арасында спортты қолдау қоры» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне орай өткен «Нағыз ардагерлер» халықаралық жарысында «Манас» командасы екінші орынды иеленсе, Шымкенттің «Тұран» клубы турнирдің жеңімпазы атанған ...

    Read More »