Шахматшы Алуа Нұрман Халықаралық шахмат федерациясының ( FIDE) жаңартылған әлемдік рейтингіндегі үздік үштіктегі орнын сақтап қалды. Қазір 19 жастағы отандасымыз жасөспірім қыздар арасындағы тізімде 2442 ұпаймен үшінші орында тұр. Ол екінші сатыдағы ресейлік Анна Шухманнан бір ғана ұпайға қалып келеді. Ал бірінші орынға Украина өкілі Анастасия Гнатыши жайғасып отыр. Алуа Нұрман биыл Гонконгте өткен командалық әлем чемпионатында рапидтен алтын, блицтен күміс медаль жеңіп алып, Жапонияның Токио қаласында жалауы желбіреген ...
Read More »Tag Archives: ФИДЕ
ФИДЕ Ресей шахмат федерациясын екі жылға шеттетті
Ресей шахмат федерациясы екі жылға Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) мүшелігінен айырылды, деп хабарлады uza.uz. Мұндай шешімді ФИДЕ-нің Этика комиссиясы Украина шахмат федерациясының шағымы түскеннен кейін қабылданды. ФИДЕ Этика комиссиясының 60 күннен кейін күшіне енетін шешімінің толық мәтінін Германияның Perlenvombodensee шахмат порталы жариялады.
Read More »Ресей мен Беларусь шахмат жарысына қатыса алады
Халықаралық шахмат федерациясының кеңесі (FIDE) ресейлік және беларусь шахматшыларына 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін ұйым туы астында ойнауға рұқсат беретін шешімді мақұлдады. Содан кейін, егер қосымша сұраныстар болмаса, шахматшы жарыстарға қатыса алмайды. FIDE туына ауысқан барлық шахматшылар Ресей, Беларусь немесе басқа федерацияның туына қайта оралу туралы өтініш бермесе, FIDE туы астында ойынын жалғастырады. Ұйымның сайтында бұл шешім 15 желтоқсанда күшіне ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары