• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Юлия Путинцева

    Путинцева «Ролан Гаррос» турнирінің екінші айналымына шықты

    Әлемнің 58-ракеткасы Юлия Путинцева «Ролан Гаррос» турнирінің екінші айналымына шықты. Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 89-орында тұрған Бельгияның атынан сынға түсіп жүрген тегі украиналық Марина Заневскаямен кортта кездесті. Теннисшілер матчты брейк алмасумен бастады. Дегенмен, Марина Заневская бұдан кейін қатарынан үш геймді алды. Есеп – 4:1. Одан кейін Юлия Путинцева да да қалыспай, есеп 3:5 болғанда қарсыласының сетті алуына мүмкіндік берген ...

    Read More »

    Теннистен Қазақстан құрамасы Польшамен матчта алға шықты

    Астанадағы Ұлттық теннис орталығында теннистен Билли Джин Кинг кубогының (командалық әлем чемпионаты) іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Польша арасындағы матч болды. Кортқа алғашқы болып Қазақстаннан әлемнің 45-ракеткасы Юлия Путинцева мен Польша құрамасынан дүниежүзілік рейтингте 19-орында тұрған Магда Линетт шықты. Осыған дейін қарсыластар өзара жеті рет кездесіп, соның бесеуінде Магда Линетт жеңіске жеткен еді. Бірінші партияда поляк спортшысы 4:0 есебімен алға ...

    Read More »

    Australian Open-2023: Қазақстан теннисшілері екінші айналымға жолдама алды

    Теннистен Австралияда өтіп жатқан Үлкен дулыға» турнирінде әйелдер арасында әлемнің 47-ракеткасы Юлия Путинцева, ерлер арасында  Александр Недовесов пен Андрей Голубев жұптық сында екінші айналымға шықты. Әуелі Путинцева әлемнің 42-ракеткасы, румыниялық Сорана Кырстямен кездесіп, оны бірінші партияда 6:2, содан кейін 6:4, 6:3 есебімен ұтты. Екі сағатқа жуық уақытқа созылған матчта Путинцева 3 эйспен бірге бес брейк-пойнтты түгел пайдалана білді. Енді Қазақстан теннисшісі ...

    Read More »

    Australian Open-2023: Юлия Путинцева екінші айналымға шықты

    Әлемнің 47-ракеткасы Юлия Путинцева Австралия ашық чемпионатының екінші айналымына шықты. Отандасымыз алғашқы кездесуін әлемнің 42-ракеткасы, румыниялық Сорана Кырстямен өткізіп, оны 6:2, 6:4, 6:3 есебімен ұтты. Бұл матч екі сағатқа жуық уақытқа созылды. Онда Ю.Путинцева 3 эйспен бірге бес брейк-пойнтты түгел пайдалана білді. Қарсыласы 3 эйс, 4 брейкпен (12 брейк-пойнт) шектелді. Енді Путинцева үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 31-ракеткасы, чехиялық Каролина ...

    Read More »

    Юлия Путинцева Австралиядағы жарыстың ширек финалына шықты

    Әлемнің 51-ракеткасы Юлия Путинцева Австралияның Хобарт қаласында өтіп жатқан WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты. Путинцева екінші айналымда әлемнің 77-ракеткасы, испаниялық Нурия Парризас-Диаспен кездесті. Путинцева қарсыласынан 6:2, 6:3 есебімен басым түсті. Енді ол жүлде қоры 259 303 АҚШ долларына бағаланған жарыстың жартылай финалына шығу үшін әлемнің 72-ракеткасы, ресейлік Анна Блинковамен кездеседі.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Теннисші Юлия Путинцева Ресейде жеңіске жетті

    Юлия Путинцева мен Евгений Донской командалық жарыс – «Солтүстік Пальмира трофейлері» турнирінің жеңімпазы атанды. Олар турнирдің финалында Мартон Фучович – Анастасия Потапова дуэтін жеңді. Финал үш матчтан тұрды. Бірінші кездесуде Путинцева  Потапованы 6:3, 6:1 есебімен жеңсе, Донской Фучовичтен 6:4, 6:4 есебімен ұтылды. Содан кейін Путинцева/ Донской – Потапова/ Фучович кездесуі  3:6, 6:3, 10:6 есебмен аяқталды.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »