• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Алматыға жауынгер палуандар жиналды

    Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде самбо және жауынгерлік самбодан республикалық ашық  турнир мәресіне жетті. Екі күнге ұласқан тартысты турнирге еліміздің белді палуандары мен Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Беларусь елінің өкілдері қатысты.

    7 мамыр Отан қорғаушылар және 9 мамыр Жеңіс күніне орай ұйымдастырылған турнир тартысты өтті. Қазақстанның генералдар кеңесінің кубогы үшін ұйымдастырылған сайыста 200-ден аса палуан  белдесуге түсті. 9 салмақ дәрежесі бойынша жүлделер сарапқа салынып, тартысты сайыстың көрігі қызды.

    Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге естелік диплом мен қаржылай сыйақы берілді.

    «Жуырда ғана «Алматы барысы» турниріне қатысып, жолым болмады, осы сайыста барымды салдым. Финалдық белдесуге жарақатым сыр беріп жете алмадым. Бұйырғаны қола медаль болды. Болашақта самбо күресінен әлем чемпионаты сынды байрақты додаларға қатысып, еліміздің көк туын желбіретсем», дейді самбо күресінен спорт шебері, турнирдің қола жүлдегері Асхат Рахметов.

     Қуаныш НҰРДАНБЕК,

     АЛМАТЫ

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *