• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Алматыда спорттағы жылдың үздіктері марапатталды

    Бүгін Алматы қаласында Қазақ Спорт және Туризм академиясы мен «Спорт жұлдыздары» республикалық журналының ұйымдастыруымен «Жыл үздіктері-2018» аталымының жеңімпаздары мен «Мәңгілік елім – Қазақстаным» патриоттық әндер фестивалінің лауреаттарын марапаттау салтанаты өтті.

    Осымен екінші жыл қатарынан өткен шараның басты мақсаты – көк туымызды көкке көтеріп, әлемдік сындарда мерейімізді асырып жүрген спортшылар мен спорт жанашырларының арасынан үздіктерді таңдап, олардың ел үшін атқарып жүрген еңбектерін көтермелеу. Әрине, жыл соныңда Мәдениет және спорт министрлігі, Ұлттық олимпиада комитеті, әрбір облыс, аудан, қала өз үздіктерін таңдап, марапаттап жатады. Ал бұл марапаттың жөні мүлдем бөлек. Өз салалары бойынша үздік шыққан спорт жанашырлары мен спортшыларды қазақ спортының қара шаңырағы – Қазақ Спорт және Туризм академиясы мен барша отандастарымыз сүйіп оқитын «Спорт жұлдыздары» республикалық журналының оқырмандары таңдады.

    Салтанатты шараға келген құрметті қонақтар арасында қазақтың батырлары Дәулет Тұрлықанов, Ермахан Ибраимов, Қанат Ислам, «Бейбітшілік әлемі» халықаралық бірлестігінің президенті, генерал-майор Әбен Нұрманов, «Алаш прайд» президенті Данияр Қасқарауов, «Райымбек файтерс» клубының президенті Азат Қатаубаев және ережесіз жекпе-жектен әлем чемпиондары Арман Оспанов, Ержан Естанов, Ерғали Утжанов пен басқа да танымал азаматтар болды.

    Сонымен қатар шараға қазақ эстрадасының өкілі Өктем Алтаев  қатысып, әсем әннен шашу шашты.

    Тағы бір жағымды жаңалық қаңтар айынан бастап қазақ ақпарат кеңістігі тағы бір басылыммен толығатын болды. Жаңадан жарық көретін «Президент және Спорт» журналының бас редакторы, Қазақ Спорт және Тууризм академиясының құрметті профессоры Мұсағали Тасқалиев «Елбасы курстастары» қоғамдық қорының Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалының директоры Гүлия Имановаға аталған журналдың шеф-редакторы куәлігі мен журнал лицензиясын табыс етті. Бұйырса Гүлия Дордықызының басшылығымен «Президент және Спорт» республикалық журналы Елбасымыздың ел спортына жасап отырған қолдауы туралы жазып, Мемлекет басшысы мен спортшылар арасына алтын көпір болады деген ойдамыз.

     «Жыл үздігі-2018» жеңімпаздары:

    1. «Үздік спортқа жанашыр облыс әкімі – 2018» жеңімпазы – Қызылорда облысының әкімі – Қырымбек Елеуұлы Көшербаев

    2. «Үздік спортқа жанашыр аудан әкімі – 2018» жеңімпазы – Жамбыл облысы, Қордай ауданының әкімі – Болатбек Байқоңысұлы Байтөле

    3. «Үздік спортқа жанашыр қала әкімі – 2018» жеңімпазы — Жақсылық Омар (Өскемен қаласының әкімі)

    4. «Үздік спортқа жанашыр лицей – 2018» жеңімпазы – «Арыстан» мамандандырылған лицейі. Директоры – запастағы генерал-майор, педагогика ғылымдарының докторы, доцент Сәбит Сауменұлы Тауланов

    5. «Үздік спортқа жанашыр колледж – 2018» жеңімпазы – Тараз «Парасат» колледжі. Директоры –Бақытгүл Самұратқызы Имандосова

    6. «Үздік спортқа жанашыр оқу-сауықтыру орталығы – 2018» жеңімпазы – «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы. Директоры –Мұхитдин Бекболатұлы Төлепбай

    7. «Үздік спорт жанашыры – 2018» жеңімпазы Бәделхан Камалханұлы (Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы)

    8. «Үздік спорт жанашыры – 2018» жеңімпазы – Садық Шоңмұрынұлы Мұстафаев ( Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі, Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры)

    9. «Үздік спорт жанашыры – 2018» жеңімпазы – Азиз Давидбеков (Шымкент қаласы)

    10. «Үздік ұлттық құрама – 2018» жеңімпазы – Отырып ойнау волейболынан Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командасы. Бас жаттықтырушы – Бауыржан Бақытұлы Тахауов

    11. «Үздік облыстық спорт басқармасы – 2018» жеңімпазы – Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы. Басшысы – Олжас Азатұлы Акимов

    12. «Үздік қалалық спорт басқармасы – 2018» жеңімпазы – Шымкент қалалық спорт басқармасы. Басшысы –Әлібек Нұрбайұлы Нұртаев

    13. «Үздік спорт мектебі – 2018» жеңімпазы – «Жас батыр» Маңғыстау облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі. Директоры –Манарбек Жұбатқанұлы Бисекенов

    14. «Үздік спорт жанашыры – 2018» жеңімпазы – Жұмагерей Дінішев. Орал қаласындағы «Батыс Алтын Ине» сауықтандыру кешенінің директоры, Қазақстан халық емшілері ассоциациясының академигі және профессоры, спорттың бірнеше түрінен әлем чемпионы, алтын қолды дәрігер. Спорт пен өнер жанашыры.

    15. «Үздік спорт жанашыры – 2018» жеңімпазы – Адил Гулиев. Орал қаласындағы «Ай-Луна» мейрамханасының директоры. Спорт пен өнер жанашыры.

    16. «Үздік джиу-джитсу федерациясы – 2018» жеңімпазы – Атырау облыстық джиу-джитсу федерациясы. Президенті –Даурен Бисенбайұлы Ушбаев

    17. «Үздік спортшы – 2018» жеңімпазы – Тыныс Бисалиев. Атырау қаласы, джиу-джитсудан ересектер арасында әлем чемпионы және греплингтен ардагерлер арасында әлем чемпионы. Панкратионнан Азия чемпионы. Тыныс 40 жасында ересектер арасында әлемдік шыңды бағындырған еліміздегі тұңғыш спортшы.

    18. «Үздік жаттықтырушы – 2018» жеңімпазы – Айбар Есенғалиев (Атырау қалаы) Айбар Мағзомұлы Тыныс Бисалиевті әлемдік додаларға дайындағаны үшін еліміз бойынша үздіктер қатарынан орын алып отыр.

    19. «Үздік баспасөз хатшысы – 2018» жеңімпазы –Лаура Шоңғалова. Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы, «Спорт жұлдыздары» республикалық журналының Қызылорда облысы бойынша меншікті тілшісі, Қазақстан журналистер одағының мүшесі.

    20. «Үздік парадзюдо федерациясы – 2018» жеңімпазы – Атырау облыстық парадзюдо федерациясы. Президенті — Асылбек Маратұлы Өмірзақов

    21. «Үздік спорт жанашыры – 2018» жеңімпазы – Самат Бақтығалиев. (Атырау облысы, Исатай ауданы)

    22. «Үздік дойбы феедерациясы – 2018» жеңімпазы – Батыс Қазақстан облыстық дойбы федерациясы. Президенті –Жарқын Серікұлы Тәжіғалиев

    23. «Үздік самбо феедерациясы – 2018» жеңімпазы – Батыс Қазақстан облысы самбо федерациясы. Президенті –Талғат Асқарұлы Шайхиев

    24. «Үздік спорт мектебі – 2018» жеңімпазы. №2 Қызылорда облыстық Олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі. Директоры –Асқар Танабекұлы Мендияров

    25. «Үздік ардагер спортшы – 2018» жеңімпазы – Ербол Қоңыратов. Грек-рим күресінен ардагерлер арасында әлем чемпионы. Ересектер арасында Азия чемпионы. Өскемен қаласы ойын түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры.

    26. «Үздік парадзюдо жаттықтырушысы – 2018» жеңімпазы – Жандос Қиянов. Парадзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері.

    27. «Үздік қалалық спорт әдіскері – 2018» жеңімпазы – Ораз Ғазезұлы Даркенов (Арқалық қалалық білім бөлімінің әдіскері)

    28. «Үздік аудандық спорт әдіскері – 2018» жеңімпазы –Қайрат Пәйізұлы Оралбеков (Қызылорда облысы, Жаңақорған аудандық білім бөлімінің әдіскері)

    29. «Үздік спортқа жанашыр мектеп – 2018» жеңімпазы — №89 Қарабұлақ орта мектебі. Сайрам ауданы. Түркістан облысы. Директоры — Саимурат Сайдазимұлы Абдурахманов

    30. «Үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі – 2018» жеңімпазы –Айбек Халматұлы Ташметов. Түркістан облысы, Сайрам ауданы, №89 Қарабұлақ орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі. Ол шәкірттерінің республикалық «Былғары доп» додасында жеңімпаз атанғаны үшін марапатталды.

    31. «Үздік дене шынықтыру пәні – 2018» жеңімпазы – Біржан Жолдыбайұлы Иманбаев. Ол парадзюдодан шыққан тұңғыш әлем чемионы Олжас Оразалыұлының алғашқы бапкері болғаны үшін жеңімпаз атанды.

    32. «Үздік каратэ-до федерациясы – 2018» жеңімпазы – Атырау облыстық спорттық және дәстүрлі каратэ-до федерациясы. Президенті – Ерлан Табылдиев

    33. «Үздік спорт жанашыры – 2018» жеңімпазы – Нұржан Еділов. Бокстан жаттықтырушы болып еңбек ететін Нұржан өз қаражатына Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында екі қабатты спорт кешенің салып, ауыл спортының дамуына елеулі үлес қосқаны үшін жеңімпаз атағын алды.

    34. «Үздік спортшы – 2018» жеңімпазы – Нұрбол Серіков (Самбо күресінен ересектер арасында әлем чемпионы. Орал қаласы)

    35. «Үздік парадзюдошы – 2018» жеңімпазы – Дәулет Теміржан (Әлем кубогы мен Параазиада ойындарының жүлдегері, Атырау облысы)

    36. «Үздік спортшы – 2018» жеңімпазы – Айдархан Нұрдәулет (Қол күресінен 4 дүркін әлем чемпионы, 5 дүркін Азия чемпионы, 6 дүркін Қазақстан чемпионы. Түркістан облысы, Шардара ауданы)

    37. «Үздік жаттықтырушы – 2018» жеңімпазы – Нұржан Тұрақұлов (Қол күресінен Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы, 2018 жылы Түркияда өткен әлем чемпионатында 5 әлем чемпионын дайындағаны үшін жеңімпаз атағын иеленді)

    38.«Үздік жас спортшы – 2018» жеңімпазы – Әбілмансұр Батырғали каратэ-до спортынан тұңғыш жасөспірімдер Олимпиадасының жүлдегері, Атырау облысы. «Қайсар» спорт клубының спортшысы

    39. «Үздік бапкер – 2018» жеңімпазы – Болат Ізбасқанов каратэ-до спортынан тұңғыш жасөспірімдер Олимпиадасының жүлдегері Әбілмансұр Батырғалиды дайындағаны үшін марапатталды.

    40. «Үздік ардагер спортшы – 2018» жеңімпазы – Ербол Қоңыратов (Өскемен қалалық ойын түрлері спорт мектебінің директоры, грек-рим күресінен ардагерлер арасында әлем чемпионы)

    Сонымен қатар «Спорт жұлдыздары» журналының тілшілері Сағымбаев Болатбек пен Еркін Бақтияровтар халықаралық журналистер одағының мүшесі куәлігіне ие болды.

    Марапаттарыңыз марапатқа ұлассын! Әрқашан үздіктер қатарынан табылып, ел үшін еңбек ете беріңіздер! Жеңісті күндеріміз көп болсын! Қазақ спорты жасасын!

     

    Жандос АЯНБЕКҰЛЫ,

    АҚТӨБЕ

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *