• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Астана қаласы бойынша Жауынгерлік өнер ассоциациясы құрылды

    Астана қаласының әкімдігінде олимпиадалық спорт түрлеріне жатпайтын федерациялардың отырысы өтті. Күн тәртібінде Астана қаласы бойынша Жауынгерлік өнер ассоциациясын құру мәселесі қаралды.

    Кездесуге аталған қауымдастыққа енген барлық 20 федерацияның өкілдері қатысты. Жиын соңында жиналғандар Астана қаласы бойынша Жауынгерлік өнер ассоциациясын құру туралы бір шешімге келді. Сонымен қатар, шара барысында ұйымның президенті сайланып, жарғысы бекітілді. Ортақ шешіммен Астана қаласы бойынша қауымдастықтың басшысы болып Батырбек Кәкімұлы Кәкім сайланды.

    Қазақстанның Жауынгерлік өнер ассоциациясы еліміздің 14 облысы және Алматы мен Шымкент қалаларында да құрылады.

     

    Рүстем ЖҰМАН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *