• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Аспантауда халықаралық айқас өтеді

    27 шілде күні Аспантаулар етегінде, Алматы облысы, Кеген ауданының орталығында жекпе-жек өнерінен Әлмерек батыр атындағы халықаралық турнир жалауын желбіретеді.

    Кеген ауданының әкімдігі,  «Әлмерек абыз» қоғамдық қоры және Дүниежүзілік жекпе-жек қауымдастығы тізе қосып ұйымдастыратын турнир Кеген ауданының және Шырғанақ ауылының құрылғанына 90 жыл толуына орай өткізілмек. Ата қазақ жекпе-жек айқасынан Әлмерек батыр  атындағы халықаралық додада  еліміздің таңдаулы сайыпқырандары Орталық Азия елдерінен келетін нояндарға қарсы айқасқа түседі.

    Әлмерек батыр бабамызға тағзым ету құрметіне арналған Ата қазақ жекпе-жек ұлттық спорт түрінен кәсіпқой спортшылар арасындағы халықаралық турнирге қатысушылар 10 салмақта айқасқа түседі. Соның ішінде 2 салмақ дәрежесінде чемпиондық атақ пен арнайы  кубок бәйгеге тігіледі.

    27 шілде күні 14:00-де басталатын сайыс Кеген ауылындағы спорт алаңында өтеді.

     

    Қуаныш БАЖАҚ,

    АЛМАТЫ

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *