• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Көңіл көңілден су ішеді

    Бүгін Қазақстан футбол федерациясының ұйымдастыруымен ауыр дертке шалдығып, емделіп жатқан белгілі әріптесіміз Галина Полеваяны қолдау үшін спорт ардагерлері мен журналистердің арасында қайырымдылық матч болды.

    Кездесу аталған ұйымның жаңадан салынған ғажап ғимаратының алаңында өтті.

    Әріптесіміз Галина Полевая ұзақ жылдар «Қазақстан» және «Хабар» телеарнасында жұмыс істеген. Ол алдымен үлкен жүректі адам. Кезінде көркем гимнастикамен айналысып, спорт шебері атанған. Телевидениеде жүргенде оның көп адамға шарапаты тигенін де білеміз. Ал қазір ол өзі көмекке зәру болып отырғанда қол ұшымызды созсақ азаматтық танытқанымыз деп білемін.

    Осы ретте Қазақстан футбол федерациясына алғысымызды білдіреміз. Галинаның қызы Анастасия да анасының аяққа тұруына қолда бар мүмкіндіктің бәрін жасап жатыр.

    Бүгін ойын басталар алдында әріптесіміз: «Я хочу жить. Я люблю жизнь», деді. Жүрек шымырлап кетті. Олай дейтінім, бүгін әкемнің қазасына екі жыл болды. Соған қарап барлық адамға денсаулық, ұзақ өмір ғана тілейді екенсің. Деніңіз сау болсын, ғұмырлы болыңыз Галина Павловна.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *