• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаттары анықталды

    Мәдениет және спорт министрлігінде спорт журналисі, публицист және қоғам қайраткері Сейдахмет Бердіқұлов атындағы жыл сайын өтетін байқау қорытындыланды, деп хабарлады Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі.

    Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан байқауға биыл еліміздің әр өңірінен 27 үміткер қатысып, олардан газет және сайт, телевидениеде жарық көрген 118 жұмыс келіп түсті. Қазақ тілінде 15, орыс тілінде 12 журналист жұмысын тапсырды. Қазылар алқасының шешімімен жылына бір рет үш жеңімпазға тапсырылатын сыйлыққа «Қазақ спорты» газетінің тілшісі Оңдасын Елубай «Үздік баспа жарияланымы» номинациясында үздік шықса, «Костанайский спорт» газетінің тілшісі Сергей Биркле орыс тілді журналистер арасында «Үздік баспа жарияланымы» аталымында үздік атанды. «Үздік телевизиялық жұмыс» номинациясында  Qazsport арнасының тілшісі Тимур Сүлейменовтің жұмысы лайықты деп танылды.

    Байқаудың үздіктерін Қыдырбек Рысбек, Дүрәлі Дүйсебай, Бекен Қайратұлы, Қанат Базылхан,  Нұрғазы Сасаев секілді спорт журналистикасының майталмандары анықтады.

    Жеңімпаздар «Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты» арнайы төсбелгісімен марапатталып, диплом мен ақшалай сыйлыққа ие болады.

    Үздіктер келесі жылы С.Бердіқұлов атындағы журналистер арасында өтетін футбол турнирінде марапатталады.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *