• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Астанада футзалдан «NUR-SULTAN» кәсіпқой клубы құрылады

    21 қазан күні сағат 11:00-де  Нұр-Сұлтан қаласындағы «Сарыарқа» велотрегінде футзалдан «NUR-SULTAN» кәсіпқой клубының тұсаукесер рәсімі өтеді, деп хабарлады қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы.

    Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен   елордамызда тұңғыш рет футзалдан «NUR-SULTAN» кәсіпқой клубы құрылды. Клубтың негізгі мақсаты — халыққа бұқаралық спортты насихаттау.

    Қазіргі кезде Нұр-Сұлтан қаласында футзалмен 70 000-нан  аса бала айналысса, 100-ге жуық жеке және мемлекет тарапынан қаржыландырылатын клубтар мен футбол мектептері жұмыс істейді.

    «NUR-SULTAN» кәсіпқой клубы балалар мен жасөпірімдерге спортпен шұғылдануға жол ашып, кәсіпқой спортшы болуға мүмкіндік береді.

    Осы хабарға байланысты сұрақтарыңыз болса, Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Тоқтахметованың ұялы байланыс телефонына хабарласуыңызға болады. Телефон номері: 8 771 830 73 49

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *