• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    «Шыққан тегі Қорғалжыннан»: Сәпиев Қорғалжынға ата-бабасы туған өңірге барып қайтты

    Бокстан Олимпиада және екі дүркін әлем чемпионы Серік Сәпиев Ақмола облысы Қорғалжын ауданына ата-бабалары туған өңірге барып қайтты.

    Атақты боксшы Қорғалжын ауданында алғаш рет өткізілген «Жігер – 2022» оқушылар спартакиадасына қатысты. Оның ашылу рәсімінде Парламент мәжілісінің экс-депутаты, Қорғалжынның тумасы, ҰҚК-ің отставкадағы полковнигі Файзулла Қаменов жергілікті зиялы және спорт қауымының атынан бокстан 2012 жылғы Олимпиада чемпионы, «Вэл Баркер» кубогының иегері, екі дүркін әлем чемпионы (2005, 2007), Азия ойындарының жеңімпазы (2010) Серік Сәпиевке салтанатты түрде қарабайыр тұлпар мінгізді.

    Осы іс-шараға Казақстандық спортшылар одағының президенті, бокстан жастар арасында әлем біріншілігінің жүлдегері Азамат Қарлығашев, осы жарыстың демеушілерінің бірі, Каратэ кикушункай федерациясының вице-президенті, астанадағы спорт мектебінің директоры, Қорғалжын ауданының Үшсарт ауылының тумасы Азамат Имашев, спорт жанашыры, сайысқа атсалысып, көмек қолын созған, Нұр-Сұлтан қаласы спорттық іс-шараларды өткізу дирекциясының басшысы, Қорғалжын ауданы Кеңбидайық ауылының тумасы Бақтияр Масанов пен басқа да жерлес-азаматтар қатысты.

    Қорғалжын азаматтарының Серік Жұмажанұлына ат мінгізгені тегін емес. Өйткені, Олимпиада чемпионының туған атасы Дәуіт Сәпиев осы Қорғалжын аймағында туып-өскен. Қазір оны біреу білсе, біреу білмейді. Қолда бар мәліметке қарағанда, ол 1901 жылы бұрын Қарағанды олбысының құрамына кірген Қорғалжын ауданының №3 ауылында туған. Бүгінде ол Үшсарт ауылы деп аталады. Ол  Қорғалжыннан 25-30 шақырым жерде орналасқан.

    Дәуіт Сәпиев 1929 жылға дейін совхозда жұмыс істеп, одан кейін Қарағанды қаласына барып, кен орындарына жұмысқа орналасқан.  Оның ата-анасы 1909 жылы қайтыс болған деген дерек бар.

    Бүгін Серік Сәпиев бабасының Қорғалжын өңірінен шыққанын және сол жерге барып келгені туралы өзінің Instagram-дағы парақшасында да жазды.

    «Жақында ата-бабамның туған жеріне барып, Қорғалжын ауданында алғаш рет өткен «Жігер – 2022» оқушылар спартакиадасына қатыстым.
    Біздің Қорғалжын қорығы өте әдемі екен», — деді ол.

    Дастан КЕНЖАЛИН

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *