• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Элина Базарова жеңген кез

    Екі боксшымыз әлем чемпионы атанды

    Испанияның Ла-Нусия қаласында бокстан жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Бақыт Сейдіш (66 кг) пен Элина Базарова (54 кг ) әлем чемпионы атанды.

    Олар финалда Германияның боксшыларын ұтты. Бақыт Сейдеш Карлотта Шуенеманды, Элина Базарова Куцохоистоу Крисовалантуды жеңді.

    Ерлер арасында өткен сында Нұрбек Мұрсал (67 кг) мен Дәулет Төлемісовтің (75 кг) Өзбекстанның өкілдеріне есе жіберіп, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

    Осылайша бұл жолғы әлем чемпионатын отандастарымз 2 алтын, 2 күміс және 3 қола жүлдемен аяқтады.

    Қола медальді Әсел Тоқтасын (+81 кг). Әсем Таңатар (63 кг) мен Гүлназ Бөрібаева (48 кг) иеленді. Жартылай финалда үшеуі де Үндістан боксшыларына есе жіберді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *