• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Теннис: Қазақстанның Дэвис кубогындағы қарсыласы анықталды  

    Теннистен 2023 жылғы әлем чемпионаты – Дэвис кубогы іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды.

    Командалық әлем чемпионатының финалына шығу үшін ұлттық құрама Чилимен кездеседі.

    Матч 4-5 ақпанда Чили елінде өтеді.

    Дэвис кубогының іріктеу матчтары төрт жекелей және бір жұптық кездесуден тұрады.

    Әр матчта үздік шыққан 12 команда турнирдің финалдық кезеңіне жолдама алады. Оларға 2022 жылғы Дэвис кубогының финалистері – Канада мен Австралия, сонымен бірге арнайы шақырту (wild card) алған Италия мен Испания қосылады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *