• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Талғарда «Аударыспақ» федерациясының І форумы басталады

    Бүгін Алматы облысы Талғар ауданындағы Бесқайнар ауылында «Аударыспақ» федерациясының І форумы басталады.

    Басқосуда федерацияның жаңа сайланған президенті М. Жұман ұйымның өңірлердегі өкілдерімен, төрешілермен және спортшылармен кездеседі.

    Жиынға Ұлттық және ат спорты түрлері РМҚК-ның вице-президенті Б.Сәбитов пен

    Аударыспақ федерациясының директоры С.Хандуллаев қатысады.

    Іс-шара аударыспақ ұлттық спорт ойынын 2027 жылға дейін дамыту және насихаттау, еліміздің спортшыларын 2024 жылы Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындау мақсатында өткізіледі.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *