• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Месси мен Мбаппе бастаған «ПСЖ» Чемпиондар лигасынан шығып қалды

    Түнде футболдан Чемпиондар лигасының 1/8 финалының жауапты матчтары өтті. Нәтижесінде «Бавария» мен «Милан» турнирдің келесі айналымына жолдама алды.

    «Бавария» өз алаңында париждік «ПСЖ» клубымен кездесіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Гол авторлары – Эрик-Максим Шупо-Мотинг, Серж Гнабри.

    Қос команда арасындағы алғашқы ойын да мюнхендік ұжымның пайдасына аяқталған еді.

    Осылайша, «Бавария» Чемпиондар лигасының ширек финалына жолдама алып отыр. Ал «Тоттенхэм» мен «Милан» кездесуінде есеп ашылған жоқ. Нәтижесінде италиялық клуб турнирдің келесі айналымына жолдама алды. Себебі «Сан-Сиро» стадионында өткен алғашқы матчта 1:0 есебімен Стефано Пиолидің шәкірттері жеңіске жетті.

     

    Еркеғали БЕЙСЕНОВ,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *