• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы алғаш рет үздік жетілікке кірді

    Билли Джин Кинг кубогының жаңартылған рейтингінде Қазақстан әйелдер құрама командасы 10-орыннан бірден 6-орынға көтерілді. Теннистен ұлттық құрама АҚШ, Германия, Италия, Румыния, Бельгия, Ұлыбритания секілді командаларды артқа қалдырды.

    Жақында Қазақстан әйелдер командасы Астанада өткен Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңінде Польша теннисшілерін 3:1 есебімен ұтып, командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алған болатын. Бұл кездесуде Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева жекелеген сында поляк қарсыластары Магда Линетт пен Виктория Фальковсканы ұтты.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *