• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатына 104 елдің боксшылары қатысады

    Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласынд 1-14 мамыр аралығында өтетін бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионатына 104 елдің былғары қолғап шеберлері қатысады. Бұл туралы uz.sputniknews.ru хабарлады.

    Чемпионатқа барлығы 13 салмақ дәрежесінде 104 мемлекеттен 640 боксшы тіркеліп отыр. Тіркеу 14 сәуірде аяқталды.

    Олардың арасында әлемнің соңғы 7 чемпионы бар. Сәкен Бибосынов (51 кг дейін, Қазақстан), Томоя Цубои (54 кг дейін, Жапония), Софиян Омиха (60 кг дейін, Франция), Севон Окадзава (67 кг дейін, Жапония), Еонлис Эрнандес (75 кг дейін, Куба), Лорен Алфонсо (86 кг дейін, Әзербайжан) мен Хулио Ла Круз (92 кг дейін,Куба) шаршы алаңға шығады.

    Әлем чемпионатының жүлде қоры да белгілі болды. Жүлдеге 5,2 млн АҚШ доллары тігіліп отыр. Әлем чемпионы атағын жеңіп алған боксшы 200 мың доллар алса, күміс медаль иегеріне 100 мың доллар, қола жүлдегерге 50 мың доллар тапсырылады.

    Жарыс 30 сәуірде салтанатты жағдайда ашылады. Бірінші жекпе-жектер 1 мамыр күні өтеді. Финалдық айқастар 13-14 мамырға белгіленген.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *