• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қазақстан шахматшылары мен әлем құрамасы арасындағы матч басталды

    Астанада шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы мен әлем құрамасының арасындағы матч басталды. Бұл туралы Qazsport хабарлады.

    Бұл матч 19 сәуірге дейін «Астана» халықаралық қаржы орталығында рапид және блиц түрлері бойынша өтеді.

    Ұлттық команданы гроссмейстер Гүлмира Дәулетова, әлем құрамасын гроссмейстер Дана Рейзниеце-Озола бастап отыр. Әр команданың құрамында 8 адамнан бар.

    Шахмат тақтасында Қазақстан атынан Бибісара Асаубаева, Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова, Меруерт Камалиденова, Лия Құрманғалиева, Ксения Балабаева, Алуа Нұрманова, Зарина Нұрғалиева бақ сынайды.

    Қазақстан құрамасына қарсы қытайлық шахматшы, төрт дүркін әлем чемпионы және FIDE рейтингінде №1 шахматшы, 29 жастағы Хоу Ифань, Нана Загнидзе (Грузия), Харика Дрюнавалли (Үндістан), Гюнай Мамезаде (Әзірбайжан), Нургюль Салимова (Болгария), Жока Гаал (Венгрия), Шри Б. Савита (Үндістан) мен Афруза Хамдамова (Өзбекстан) ойнайды.

    Мачтың салтанатты ашылу рәсімінде жеребе тартылып, онда Қазақстан құрамасынан Динара Сәдуақасова мен Хоу Ифан ойнайтыны белгілі болды.

    Екінші тақтада Харика Друнавалли Меруерт Камалиденоваға қарсы ойнайды.

    Үшінші тақтада Бибісара Асаубаева мен Гюнай Мамезаде кездеседі.

    Төртінші тақтада Нана Загнидзе мен Жансая Әбдімәлік бақ сынайды.

    Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Тұрлов дәстүр бойынша матчтың алғашқы жүрісін жасады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *