• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Рыбакина әлемнің алтыншы ракеткасы атанды

    Еліміздің жекелеген сындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Испанияның Мадрид қаласында өтіп жатқан Мастерс турнирінің қарсаңында тунистік теннисші Онс Жабер жарақатына байланысты жарысқа қатысудан бас тартқаннан кейін әлемдік рейтингте алтыншы орынға көтерілді. Сөйтіп, Жабер былтыр Мастерс турнирінде жинаған 1000 ұпайын жоғалтып, оның орнына Рыбакина шықты.

    Испания астанасындағы WTA 1000 және ATP 1000 жарыстары 25 сәуір – 6 мамыр, 26 сәуір – 7 мамыр аралығында өтеді.

    Рыбакина турнирді екінші айналымнан бастап, ресейлік Анна Калинская немесе чехиялық Бренда Фрухвиртованың біреуімен кездеседі.

    Әлемнің 51-ракеткасы Юлия Путинцева алғашқы айналымда рейтингте өзінен төрт саты төмен тұрған америкалық Клэр Люмен ойнайды.

    Былтыр Мадридте Рыбакина үшінші, Путинцева екінші айналымға дейін жеткен еді.

    Ерлер арасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 55-ракеткасы Александр Бублик рейтингте 100-орындағы колумбиялық Даниэль Галанмен кездеседі. Тимофей Скатов іріктеу сайыстарында италиялық Марко Чеккинатомен кортқа шығады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *