Жақын арада Орталық Азия футбол қауымдастығы Ташкент пен Бішкекте алғаш рет ұлттық құрама командалардың қатысуымен CAFA Nations Cup турнирін өткізеді.
Ертең, 26 сәуірде халықаралық турнирдің жеребе тарту тарту рәсімі өтеді. Жарысқа барлығы 7 ұлттық құрама қатысады. Оның ішінде Оман да турнир қонағы ретінде шақырылған.
Командалар ФИФА рейтингі бойынша 4 себетке бөлінді. Өзбекстан құрамасы бірінші қоржыннан орын алып, алаң иесінің бірі ретінде «А» тобында ойнайды. Онымен бірге бірінші себепте Иран құрамасы бар.
Екінші қоржынға В тобының иесі – Қырғызстан мен Тәжікстан командалары түсті. Үшінші себетте Түркіменстан мен Ауғанстан, төртінші себетте турнирдің қонағы Оман елінің футболшылары бар.
Жеребеде осы елдердің ұлттық құрамалары екі топқа бөлініп, ойнайды. Турнирдің топтық кезеңі 11, 14, 17 маусымда өтсе, финал мен үшінші орын үшін матч 20 маусымда Ташкентте болады.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА