• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Рыбакинаның әлемдік рейтингідегі орны шарықтап кетті

    Қазақстанның бірінші ракеткасы әлемдік рейтингіде алғаш рет үздік 5 теннисшінің қатарына енді.

    Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, алдағы дүйсенбіде жаңартылатын рейтингіде Е.Рыбакина алтыншы орыннан бесінші орынға көтеріледі.

    Бұл — Қазақстан теннисі тарихындағы рекордтық көрсеткіш.

    Қазіргі кезде WTA Live рейтингісінде Рыбакина америкалық Кори Гауфты басып озды. К.Гауфф Рим мастерс турнирінде үшінші айналымнан аса алмаған еді. Сол себепті ол ұпайларын жоғалтып, алтыншы сатыға сырғиды.

     

    Нұрдәулет КЕНЖЕБАЙ,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *