• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Василий Жировтың аты АҚШ-тың Даңқ залына жазылды

    Василий Жировтың аты АҚШ-тың Жекпе-жек өнерінің даңқ залына жазылды.

    Ол әуесқой бокста 217 жекпе-жек өткізіп, 10 айқаста ғана жеңілген. Қазір оның жасы 49-да.

    Жиров 1996 жылы АҚШ-тың Атланта қаласында өткен Олимпиаданың алтын жүлдесін иеленген. Осы жарыста ол Вэл Баркер кубогын алды. 1993, 1995 жылдары әлем чемпионатының қола жүлдесін алған. 1995 жылы Азия чемпионы болған.

    Василий Жиров 1997 жылы кәсіпқой боксқа ауысады. IBF (1999-2003) чемпионы атанады. WBС ұйымының екінші дәрежелі титулын иеленеді (1998). WBС тұжырымы бойынша Амеркиа чемпионы (1999), WBO тұжырымынша Солтүстік Америка бокс ұйымының чемпионы болды (2003).

    Кәсіпқой бокста 38 айқаста жеңіс жеткен. Оның 32 жекпе-жегін нокаутпен жеңді. Үш рет жеңіліп, бір рет тең түскен.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *