• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Месси мен Роналду: келесі маусымда кім қайда ойнайды?

    Аргентинаның ұлттық құрамасы мен «Пари Сен-жермен» клубырның шабуылшысы, «Алтын доп» сыйлығын жеті рет, «Алтын бутсы» премиясын алты рет алған Лионель Месси келесі маусымда басқа клубта ойнайтын болады. Ол ПСЖ құрамының сапында соңғы рет ертең алаңға шығады.

    3 маусымда «Пари Сен-Жермен» клубы «Клермон» командасымен кездеседі. Одан кейін Мессидің қай елдің клубында ойнайтыны әлі белгісіз. Бұл мәселе шешілген жоқ. Кейбір дерекке қарағанда,  ол Сауд Арабиясының «Әл-Хилал» командасында ойнауы мүмкін. Қазір араб елінің жасағы оған 1 млрд 200 млн еуро төлегесі келеді. Бұл – футбол тарихында бұрын-соңды болмаған  рекордттық келісімшарт.  Егер оған да келіспесе Месси «Барселонаға» қайтып баруы мүмкін деген  жыл ойнаған.

    Криштиану Роналдуға келсек, ол Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубында келесі маусымда да ойнайтынын айтты. Португалияның футбролшысы араб елмен екі жылға келісімшарт жасасқан болатын. Сондықтан ол арабтармен қол алысып, қол беріскеннен кейін келісімшартты алдын ала бұзбайтынын мәлімдеді.

    Мен клубпен бірге кубокты жеңіп алғым келген. Бірақ бәрі біз ойлағандай бола бермейді екен. Соңғы жарты жылда біздің клубтың деңгейін өсті. Лиганың ойындары да қызықты, тартымды болып жатыр. Осы жылы чемпион бола алмадық. Келесі маусымда бұл мақсатымызға жететнімізге сенімдімін. Алдағы уақытта әлемнің үздік бес командасының қатарына қосыламыз деп ойлаймын. Ең бастысы, маған «Әл-Наср» клубында ойнау ұнайды. Мен бақыттымын, — деді ол команданың YouTube арнасына берген сұхбатында.

    Роналду «Алтын доп» сыйлығын екі рет (2013, 2014), «Алтын бутсы» премиясын төрт рет (2008, 2011, 2014, 2015) алған. Ол қысқы трансфер кезінде «Әл-Насрдың» құрамына қосылған. Биылғы маусымда «Әл-Наср» Сауд Арабиясы чемпионатында екінші орын алды.

    Месси мен Роналду футбол тарихындағы үздік ойыншылардың бірі болып саналады. Олардың аттары қазірдің өзінде алтын әріптермен жазылған.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *