• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Yearly Archives: 2018

    Атырау жұрты Арманға ақ жол тіледі

    Аралас жекпе-жектен түрлі халықаралық турнирлерде еліміздің намысын қорғап, жеңіс биігінен көрініп жүрген Арман Әшімов 24 мамыр күні чемпиондық белдеу үшін айқасқа түседі. Қарсыласы – украиналық  Александр Доскальчук. Бұл айқаста Арман Әшімов пен Александр Доскальчук М-1 тұжырымының чемпиондық белбеуіне таласады. Украин Доскальчук жарақатына байланысты спорттан жырақтап ем-дом алумен жүрді. Дегенмен де бабына келген оны осал деуге келмейді. Ол жекпе-жектен 8 айқас ...

    Read More »

    Әкемнің әлемі

    Қазір қолыма қалам алып, қарап отырсам ешқашан әкем туралы естелік жазамын деп ойламаппын.  Оның арамыздан тез кететінін кім ойлаған?! Ешкім де ойламаған еді. Біраз жасқа келіп, жақсы қартаюын тілеп жүретінмін. Бәріміз де солай әкемнің амандығын тілеп жүретін едік.  Әкем астанаға қызмет бабымен жиі келіп тұратын. Енді міне, оның Астанаға келмегеніне бір жылдай уақыт болды. Біз Астанада болсын, басқа жерде болсын, ...

    Read More »

    Абай атындағы Қаз ҰПУ – қазақ күресінің қолдаушысы

    16 мамыр күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90  жылдығына  орай  Алматы қаласындағы жоғары оқу орындары студенттері арасында жастар арасында қазақ күресін кеңінен насихаттау, ұлттық спорт түрімен айналысатын жас палуандардың үлесін арттыру мақсатында төл күресімізден  «Университет барысы»  жарысы өткізілді. Ол білім ордасының күрделі жөндеуден өтіп, жаңадан тұсауы кесілген спорт кешенінде жалауын көтерді. Аламан жарыстың ашылу салтанатында сөз сөйлеген университет ...

    Read More »

    Алматыға жауынгер палуандар жиналды

    Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде самбо және жауынгерлік самбодан республикалық ашық  турнир мәресіне жетті. Екі күнге ұласқан тартысты турнирге еліміздің белді палуандары мен Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Беларусь елінің өкілдері қатысты. 7 мамыр Отан қорғаушылар және 9 мамыр Жеңіс күніне орай ұйымдастырылған турнир тартысты өтті. Қазақстанның генералдар кеңесінің кубогы үшін ұйымдастырылған сайыста 200-ден аса палуан  белдесуге түсті. 9 салмақ дәрежесі ...

    Read More »

    Арқалықта ауыр атлет Гайдар Саржановты еске алуға арналған турнир өтті

    Зіл көтеруден Қазақстанның 6 дүркін чемпионы, КСРО-ның спорт шебері Гайдар САРЖАНОВТЫ заңғар атлет деуге толық негіз бар. Ол Торғай облысы Арқалық ауданына қарасты Қайыңды қой совхозында туған. Бала кезінен спортты серік етіп, ауылдағы ауыр темір-терсекті басынан асырып, кейін көптеген жарыстарға қатысып, зілтемірші ретінде одақтық деңгейге көтерілген еді. Жақында Арқалық қаласында Торғай елі талантымен тас жарған Толағай ұлын тағы бір еске ...

    Read More »

    Астанада мерекелік веложарыстар өтеді

    5 мамыр күні тас жолдағы веложарыстан екі бірдей жарыс өтеді. Алғашқысы Астананың 20 жылдығына арналған сынға 15-15 жасқа дейінгі жасөспірімдер қатысады. Ал екіншісі Ұлы Отан соғысының 73 жылдығына орай 13-14 жасқа дейінгі жеткіншектер арасында өтеді. Жалпы, жарыстарға 150-ге жуық қатысады делініп отыр. Бірінші жарыс Астана маңынан 20 шақырымда орналасқан Ильинка ауылында өтеді. 6 мамыр күні жігіттер мен қыздар қала маңындағы ...

    Read More »

    Елдос мерген

    Жамбы атудан Қазақстан Республикасы чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері, халықаралық мергендер сайысына қатысушы, 2016 жылғы «Ұлы дала ойындары» фестивалінің жеңімпазы, «Алтын тұғыр» иегері атанған Елдос Бадашев еліміздің «Жамбы ату» ересектер құрама командасының капитаны. Ат үстіндегі мергендік сайысында аз уақытта суырылып көзге түскен Елдос 2017 жылдан республикалық жастар мен жасөспірімдер командасының бас жаттықтырушысы. Біз орайы келгенде жас бапкермен сұхбаттасқан едік. Жаңа қалыптаса ...

    Read More »

    Арқалықта ауыр атлет Гайдар Саржановты еске алу турнирі басталды

    Арқалықта Қазақстанның ауыр атлетикадан алты дүркін чемпионы, КСРО спорт шебері Гайдар Саржановты еске түсіруге арналған екінші республикалық турнир басталды. Оған еліміздің жер-жерінен ат терлетіп келген спортшылар қатысып жатыр. Бүгін жеңіл салмақтағы бозбалалар мен қыздар помостқа шықса, ертең ауыр салмақтағы жігіттер мен бойжеткендер жарысқа қатысады. Осы турнир басталмас бұрын «Достар» мейрамханасында «Қайыңды» ауылынан шыққан спорт шеберін еске алу Асы берілді. Аста ...

    Read More »

    Жеңімпаздар ұстаханасы

    Қазіргі жастардың бойынан ұлттық намысы бар, ана тілін құрметтейтін спортқа ынталы жастарды көре алуға бола ма? Ол үшін «ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің», -демекші, туған елінің намысы үшін отқа да суға да түсуге дайын батыл да батыр ұрпақты тәрбиелеудің бүгінгі күнде маңызы зор. Әрине, жасөпірімдердің болашағын мектеп қабырғасынан бастап ойлаудың маңызы ерекше деп санаймыз. Осы орайда, К.Ахметов атындағы Олимпиада ...

    Read More »

    Студент жастар Жолдауға қолдау білдірді

    «К.Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» студеттеріне 17-cәуір күні Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты дәріс оқылды. Дәріс еліміз дамыған 30 елдің қатарынан көріну үшін қабылданған жоспарлар мен атқарылған істерді қысқаша шолудан басталып, жеткен жетістіктер мақтанышпен айтылды. Колледж студенттері «спорт жаттықтырушысы-оқытушы» біліктілігін алып шығатындықтан, білім саласына енгізіліп жатқан өзгерістерге баса назар аударып, ...

    Read More »