• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Daily Archives: 01.06.2023

    Грек-рим күресі: Марлан Мұқашев рейтингтік турнирде топ жарды

    Бүгін Қырғыз Республикасының астанасы — Бішкекте Қожамқұл Қабаұлы мен Ратбек Санатбаев атындағы күрестен рейтингтік турнир басталды, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Ұлттық құрама спортшылары доданың алғашқы күні 1 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды. Грек-рим күресінен 55 кг дейінгі салмақта VI жазғы Спартакиаданың жеңімпазы Марлан Мұқашев финалда өзбекстандық Ихтиор Ботировты ұтып (4:2), ...

    Read More »

    Abay CUP-та «Абай» мектебі топ жарды (ФОТО)

    Астанада 1 маусым – балаларды халықаралық қорғау күні шағын футболдан Abay CUP турнирі өтті. Елордадағы Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясының қолдауымен өткен турнирге 2012-2013 жылы туған балалардан құралған алты команда қатысты. Бұл жолғы турнирдің ерекшілігі, арнайы челенжден басталды. Яғни, бір уақытта Астанадағы бірнеше мектепте дәл осындай турнир бастау алды. Сондай-ақ, қатысушы барлық командаға жүлделер мен медальдар үлестірілді. Жарыс айналмалы жүйеде ...

    Read More »

    Таэквондодан ӘЧ: Нұрбек Ғазез қарсыласын нокдаунға түсірді (ФОТО)

    Бүгін Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан таэквондодан XXVI әлем чемпионының төртінші жарыс күні өтіп жатыр. Жарыс жолына ұлттық құрама сапынан Нұрбек Ғазез (63 кг) бен Ракони Бимырза (+73 кг) шықты, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Нұрбек Ғазез бразилиялық Эдуардо Бареттаны ұтып, жекпе-жекті жақсы бастаған еді. Ол қарсыласына жойқын соққылар жасап, нокдаунға түсірді. Алайда екінші ...

    Read More »

    Хоккейден ӘЧ: Қазақстан құрамасының қарсыластары белгілі болды

    2024 жылы шайбалы хоккейден өтетін әлем чемпионатының элиталық дивизионында ойнайтын Қазақстан құрамасының қарсыластары белгілі болды. Әлем чемпионаты келесі жылдың 10-26 мамыр аралығында Чехияның Прага және Острава қалаларында өтеді. Қазақстан хоккейшілер А тобында Канада, Германия, Швеция, Словакия, Латвия, Франция мен Польшаға қарсы ойнайды. Мачтар Острава қаласында болады. Ал Прага қаласында В тобында Финляндия, АҚШ, Швейцария, Чехия, Дания, Норвегия, Австрия және Ұлыбритания ...

    Read More »

    Қазақстан ұлттық құрамасының нақты тізімі жарияланды

    Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев 16 маусымда Сан-Мариномен және 19 маусымда Солтүстік Ирландия командаларымен өтетін Еуро-2024 іріктеу матчтарына шақырылған ойыншылардың нақты тізімін жариялады, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Қорытынды тізімге 27 футболшы енді. Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»); Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасы»), Александр Марочкин («Тобыл»), Михаил Габышев, Тимур Досмағамбетов, Абзал ...

    Read More »