2024 жылы шайбалы хоккейден өтетін әлем чемпионатының элиталық дивизионында ойнайтын Қазақстан құрамасының қарсыластары белгілі болды.
Әлем чемпионаты келесі жылдың 10-26 мамыр аралығында Чехияның Прага және Острава қалаларында өтеді.
Қазақстан хоккейшілер А тобында Канада, Германия, Швеция, Словакия, Латвия, Франция мен Польшаға қарсы ойнайды. Мачтар Острава қаласында болады.
Ал Прага қаласында В тобында Финляндия, АҚШ, Швейцария, Чехия, Дания, Норвегия, Австрия және Ұлыбритания құрамалары сынға түседі.
Жақында ұлттық құраманың хоккейшілері әлем чемпионатының элиталық дивизиондағы орнын сақтап қалды.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары