• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Daily Archives: 02.06.2023

    Таэквондодан ӘЧ: ұлттық құрама жартылай финалға шыға алмай жатыр (ФОТО)

    Бүгін Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан таеквондодан XXVI әлем чемпионының бесінші жарыс күні өтіп жатыр. Жарыс жолына ұлттық құрама сапынан Рита Бакишева (46 кг) мен Жавохирхон Исламов (54 кг) шықты, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Рита Бакишева ширек финалға дейін сүрінбей жетіп, жүлдеге бір табан қалғанда қазіргі әлем чемпионы, 2021 жылғы Еуропа чемпионы Лина ...

    Read More »

    Дзюдо: Сұңғат Жұбатқан турнирде қола жүлдегер атанды

    Тәжікстанның астанасы – Душанбе қаласында дзюдодан Гран-при турнирі өтіп жатыр. Ұлттық құрама спортшысы Сұңғат Жұбатқан 66 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанды. Ол алғашқы белдесуінде Израиль дзюдошысын, екінші айналымда тәжікстандық Нұрали Эмомалиді ұтты. Алайда ширек финалда ресейлік Мурад Шопановқа есе жіберді. Одан кейін жұбаныш белдесуінде Ұлыбритания балуанын жеңіп, қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды. Бұл белдесуде ол испаниялық Адриан Нето ...

    Read More »

    Қажымұқан мектебі оқушыларды қабылдайды

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» Республикалық мемлекеттік мекеме 2023-2024 оқу жылына 7-11 сынып және колледж оқушыларын қабылдау туралы хабарлама жариялады. Толығырақ: kazhimukansportmektebi.kz сайтында. Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің директоры Мәлік Сапашевпен сұхбатты осы жерден оқи аласындар.

    Read More »

    Санжар Тәшкенбай әкесіне көлік сыйлады (ВИДЕО)

    Бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай әкесіне көлік алып берді. Ассалаумағалейкүм, қазақ елі! Аллаға шүкір кеше асқар тау әкешіме бала кезден армандап жүрген сыйлығымды сыйладым. Ең бірінші осы күнге жеткізген Аллаға сансыз шүкір Екінші ата-анамыздың арқасы, барлықтарыңызға жұғысты болсын!, — деді ол. Санжар Тәшкенбай 48 келі салмақта 1-14 мамыр аралығында Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында бокстан ересектер арасында өткен әлем чемпионатын ...

    Read More »

    Месси мен Роналду: келесі маусымда кім қайда ойнайды?

    Аргентинаның ұлттық құрамасы мен «Пари Сен-жермен» клубырның шабуылшысы, «Алтын доп» сыйлығын жеті рет, «Алтын бутсы» премиясын алты рет алған Лионель Месси келесі маусымда басқа клубта ойнайтын болады. Ол ПСЖ құрамының сапында соңғы рет ертең алаңға шығады. 3 маусымда «Пари Сен-Жермен» клубы «Клермон» командасымен кездеседі. Одан кейін Мессидің қай елдің клубында ойнайтыны әлі белгісіз. Бұл мәселе шешілген жоқ. Кейбір дерекке қарағанда,  ...

    Read More »

    Теннистен кейін бокспен де айналысуым мүмкін –Рыбакина

    Францияның ашық чемпионатына («Ролан Гаррос» турнирі) қатысып жатқан Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Елена Рыбакина теннистен кейін спорттың қай түрімен айналысуы мүмкін екенін айтты. Ол жарысты ақпараттық жағынан қолдауға барған журналист Асқар Ағатаевқа «Ролан Гаррос» турниріндегі екінші жеңісінен кейін болашақта бокспен айналысып көретінін атап өтті. Рыбакина чехиялық Линда Носкованы ұтқаннан кейін әуелі теннисшімен ойын туралы пікір білдірді. Мен былтыр оның ...

    Read More »

    Канелоның ізбасары Головкинді тағы да жекпе-жекке шақырды

    Бірінші орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Хайме Мунгия (41-0, 33 КО) тағы да Геннадий Головкинді (42-2-1, 37 КО) жекпе-жекке шақырды. Боксшылар 2018 жылы жұдырықтасуы мүмкін еді. Бірақ сол кезде Невада штатының атлетикалық комиссиясы мексикалық спортшының айқасқа дайын емес деп жекпе-жекке рұқсат бермеді. Хайме Мунгияның айтуынша, ол  Головкинмен немесе Чарломен қолғап түйістіргісі келеді. Біздің менеджерлер осыларды көздеп отыр. Менде олармен жұдырықтасуға ...

    Read More »