Бірінші орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Хайме Мунгия (41-0, 33 КО) тағы да Геннадий Головкинді (42-2-1, 37 КО) жекпе-жекке шақырды.
Боксшылар 2018 жылы жұдырықтасуы мүмкін еді. Бірақ сол кезде Невада штатының атлетикалық комиссиясы мексикалық спортшының айқасқа дайын емес деп жекпе-жекке рұқсат бермеді.
Хайме Мунгияның айтуынша, ол Головкинмен немесе Чарломен қолғап түйістіргісі келеді.
Біздің менеджерлер осыларды көздеп отыр. Менде олармен жұдырықтасуға қарсы емеспін. Чарло рингке екі жылдан бері шықпады. Ол әлі чемпион. Алдағы жоспары қандай екенін білмеймін. Мен онымен айқасуға дайынмын. Ал Головкин туралы айтсам, біз онымен жекпе-жек бойынша хабарластық. Неге екені белгісіз, ол әлі жауап бермеді. Сол күйі үнсіз, — деді ол.
Мунгия Головкинмен кездессе, оны жеңетінін айтты.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА