Бокстан халықаралық турнир: Қазақстан құрамасы командалық есепте бірінші орын алды. ҚХР-дың Үрімші қаласында жасөспірімдер арасындағы Belt and Road ІІІ халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Бокс федерациясының мәліметіне қарағанда, 20 елдің боксшылары қатысқан жарыста Қазақстан құрамасы командалық есепте бірінші орын иеленді. Алтын медель иегерлері: 46 кг. Арман Мырсабит 50 кг. Жұмағали Нұрмахан ...
Read More »Жарыс
Дзюдодан ӘЧ: Қазақстан тағы екі жүлде жеңіп алды
Дзюдошы Мұхаммедәлі Жылқайдар Болгарияның астанасы София қаласында өтіп жатқан кадеттер арасындағы әлем чемпионатының финалында күміс медаль алды. Ол 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ресей спортшысы Рахим Хамхоевтен жеңіліп қалды. Сол салмақ дәрежесінде Ролан Қайрғали Канаданың балуаны Анечка Матиды жеңіп, құрмет тұғырының үшінші сатысына көтерілді. Осылайша, ұлттық құрама төрт жүлде алып отыр. Бұған дейін Ернұр Батырғали (60 келіге дейін) алтын медальді, ...
Read More »«Қайрат» қарт құрлыққа қадам басты. Алғашқы қарсыласы – «Реал» (Мадрид)
Монакода футболдан УЕФА Чемпиондар лигасы 2025/2026 жылғы маусымдағы негізгі тобының жеребесі тартылды. Осы іс-шарада Алматының «Қайрат» клубының қарсыластары анықталды. Жеребе Чемпиондар лигасының негізгі тобына жолдама алған 36 клубтың арасында болды. Осы жаңартылған пішіндегі (формат) турнир екінші рет өткелі отыр. Бұдан кейін командалар біртұтас турнир кестесі аясында өзара ойнайтын болады. Жалпы кезеңнің қорытындысы бойынша үздік 8 команда бірден 1/8 финалға шығады. ...
Read More »Сайыпқыран: Бүгінге бұйырғаны үш қола медаль
Бүгін Шымкент қаласында өтіп жатқан нысана көздеу мен стенд атудан XVI Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Трап жаттығуында аралас командалық сайыста Қазақстан-1 командасы сапында Әлішер Айсалбаев пен Айжан Досмағамбетова Үндістан-2 құрамасынан басым түсті. Есеп – 38:34. Тағы бір қола жүлдеге Қытайдың Тайпейі ие болды. Алтын медальді ...
Read More »Чемпиондар лигасының топтық турниріне шыққан 32 команда аталды
Футболдан UEFA Чемпиондар лигасының топтық турниріне шыққан 32 клуб анықталды. Жарыстың негізгі кезеңіне Алматының «Қайрат» клубы да 31 командамен бірге Шотландияның «Селтик» командасын (0:0, 0:0, пенальтиден 3:2) жеңіп, жолдама алды. Топтық турнирге барлығы 36 команда қатысады. Әрбір команда сегіз матч ойнайды. Бірінші тур 16 қыркүйекте басталады. Сегізінші тур келесі жылдың 28 қаңтарында болады. Ал плей-офф 16-18 ақпанға, 1/8 финал 10-11 ...
Read More »«Қайрат» тұңғыш рет Чемпиондар лигасының топтық турниріне шықты
Бүгін ару қала Алматы ғана емес, бүкіл қазақ даласы «Қайрат» футбол клубы үшін бөркін аспанға атып, қуанып жатыр. Осыдан сәл ғана уақыт бұрын Алматының теңбіл доп командасы Шотландияның «Селтик» жасағын пенальти сериясында 3:2 есебімен жеңіп, тұңғыш рет Чемпиондар лигасының топтық турниріне шықты. Бұған дейін осыдан 10 жыл бұрын «Астана» клубы Чемпиондар лигасының топтық турнирінде ойнаған болатын. Енді міне, «Қайрат» дүрмекті ...
Read More »Волейболдан ӘЧ: Қазақстан жастар құрамасы плей-оффқа жолдама алды
Волейболдан Қазақстан ерлер құрамасы Қытайдың Цзянмэнь қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында плей-оффқа жолдама алды. Құрама команда B тобында бесінші орында тұрған еді. Ал 1/8 финалға тек үздік төрт команда шығады. Сондықтан Қазақстан құрамасына Оңтүстік Корея командасын жеңуді алдына мақсат етіп қойып, қарсыласын 3:1 есебімен жеңді. Енді жастар командасы әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде ойнайды. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Дмитрий Панарин бадминтоннан күміс жүлдегер атанды
Қазақстан бадминтон құрамасының көшбасшысы Дмитрий Панарин Камерунның астанасы — Яундеде өткен ірі халықаралық турнирдің финалына шығып, күміс жүлдегер болды. Ерлер арасындағы жекелей сайыстың фитналында отандасымыз Индонезия өкілі Прадиска Шудживомен ойнады. Бұл ойын қарсыластың пайдасына 2:0 есебімен (21:13, 21:7) аяқталды. Осылайша, Панарин жарысты екінші орынмен тәмамдады. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Күрестен ӘЧ: Қазақстан төртінші жүлдесін жеңіп алды
Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатындағы белдесулерін аяқтады. Дүбірлі доданың соңғы күні екі отандасымыз бозкілемге шықты. Бірінші болып 87 келіге едйінгі салмақта Темірлан Тұрдақын күресті. Ол қола медаль үшін белдесуде Әзербайжан спортшысы Орхан Гаджиевті жеңді. Одан кейін 63 келіге дейінгі салмақта Дамир Ибраишов та үшінші орын үшін күш сынасты. Алайда ол Ресей балуаны Игорь Пунченкодан ...
Read More »WTT Feeder Panagyurishte: Зәуреш Ақашева үстел теннисінен қола жүлдегері атанды
Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Зәуреш Ақашева Болгарияның Пангарюште қаласында өткен WTT Feeder Panagyurishte турнирінде қола медальді жеңіп алды. Турнирде Ақашева Мириам Карновалені (Италия) 3:1, Доминика Вильчковоны (Словакия) 3:0, Шима Сафаэиді (Иран) 3:2 есебімен жеңді. Дегенмен оның украиналық Анастасия Димитренконы жеңіге шамасы келе алмай, одан 1:3 есебімен жеңілуге мәжбүр болды. Соның кесірінен ол үшінші орынды қанағат тұтты. Осы жарыста отандастарымыз ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары