• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Жарыс

    Бибісара Асаубаева FIDE Grand Swiss турнирінің қола жүлдесін алды

    Шахматшы Бибісара Асаубаева Өзбекстанның Самарқан қаласында өтіп жатқан FIDE Grand Swiss and FIDE Women’s Grand Swiss 2025 турнирінде әйелдер арасында қола медальді иеленді. Ол соңғы турда Анна Музычукпен тең ойнап, мүмкін болған 11 ұпайдың 7,5-ін жинады. Әйелдер арасында Вайшали Рамешбабу 8 ұпай (Үндістан) алып, жеңімпаз атанды. Екінші орынды 8 ұпаймен Екатерина Лагно (FIDE) иеленді.   Рүстем ЖҮМАН, АСТАНА

    Read More »

    Шардарада тұңғыш рет бір әулеттің үш ұлы әлем чемпионы атанды

    Қазақ спорты үшін тарихи оқиға! Болгарияның Албена қаласында армрестлингтен өтіп жатқан әлем чемпионатында «Шардара Армспорт» құрамасының спортшылары, бір әулеттің үш ұлы қатарынан әлем чемпионы атанды, деп хабарлады Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі. Бұл – аудан ғана емес, тұтас еліміз үшін зор мақтаныш! 14 жастағы Бекнұр Ибрагим жас жеткіншектер арасында 45 кг салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанса, 15 жастағы Азамат Ибрагим ...

    Read More »

    Түркістанда Орталық Азияда теңдесі жоқ ескек есу арнасы ашылды

    Түркістан қаласында Орта Азияда теңдесі жоқ спорт кешендері бар «Ескек есу» арнасы ашылды, Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «спорт инфрақұрылымын дамыту мен жаңа кешендерді салу» жөнінде нақты тапсырмалар берді. Осы бағытта облыста 112 спорт нысанының құрылысы жүргізілуде. Бұл тек инфрақұрылымды дамыту ғана емес, жастардың болашағына салынған инвестиция, тұрғындардың саламатты өмір салтын қалыптастыруға жасалған ...

    Read More »

    Гимнаст Айбота Ертайқызы Гран-приде екі жүлде алды

    Айбота Ертайқызы көркем гимнастикадан Чехияның Брно қаласында өткен Гран-при кезеңінде жүлдеге ие болды. Спортшы екі күміс медаль жеңіп алды. Атап айтқанда, Ертайқызы ұршықтармен орындалатын жаттығуда (28,100 ұпай) және таспамен орындалатын жаттығуда (28,050 ұпай) екінші орынға ие болды. Сондай-ақ ол көпсайыста бесінші нәтиже көрсетті.   Рүстем ЖҰМАН, АСТАНА  

    Read More »

    Еркін күрестен ӘЧ: Асылжан Есенгелді мен Нұрқожа Қайпанов – қола жүлдегер!

    Бүгін еркін күрестен Хорватияның астанасы Загреб қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екі медаль түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Ұлттық құрама спортшысы Асылжан Есенгелді (-60 кг) жүлде жолында америкалық Джаксен Патрик Форресті жеңіп, қола медаль алды. Отандасымыз соңғы секундтарда ұпай алып, басым түсті. Ол екі  жыл бұрын осы салмақта Албанияның Тирана қаласында өткен ...

    Read More »

    Гимнаст Нариман Курбанов Challenge Cup кезеңінің жеңімпазы атанды

    Олимпия ойындарының күміс жүлдегері Нариман Курбанов спорттық гимнастикадан Францияның Париж қаласында өткен Challenge Cup кезеңінде жеңімпаз атанды. Ол ат снарядындағы жаттығудың финалында 15,066 ұпай жинап, жеңіске жетті. Екінші орынды армениялық Гамлет Манукян иеленді. Оның ұпай саны — 14,800. Үшінші орынға италиялық Габриэле Таргетта 14,733 ұпаймен ие болды. Зейнолла Ыдырысов 14,633 ұпаймен төртінші орынға табан тіреді.   Рүстем ЖҰМАН, АСТАНА

    Read More »

    Бокстан ӘЧ: Айбек Оралбай екі дүркін Олимпиада чемпионын жеңіп, финалға шықты

    Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты. Ол 90 келіден аса салмақта екі дүркін Олимпиада чемпионы, Кубаның атақты боксшысы Хулио Сезар Ла Круспен қолғап түйістіріп, оны ұпай саны бойынша жеңді. Енді Айбек Оралбай әлем чемпионатының алтын жүлдесі үшін бақ сынайды. Бүгін сегіз финалдық жекпе-жекке кімдердің шығатыны белгілі болды. Бұл финалдардың екеуінде ...

    Read More »

    Бокстан ӘЧ: Виктория Графеева мен Елдана Тәліпова қола жүлдегер атанды

    Бокстан Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Виктория Графеева мен Елдана Тәліпова қола медальға ие болды. Виктория Графеева 60 келіге дейінгі салмақта жартылай финалына дейін жетіп, қола жүлдені қанағат тұтты. Боксшы Бразилияның спортшысы Ребека Де Лима Сантоспен қолғап түйістірді. Жекпе-жекте төрешілердің шешімімен Оңтүстік Американың өкілі жеңіске жетті. Осылайша, Виктория Графеева (60 келіге дейін) Қазақстан құрамасының ...

    Read More »

    Дзюдодан АЧ: Қазақстан алғашқы алтын жүлдені жеңіп алды

    Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қоржынына Индонезияның астанасы Джакарта қаласында басталған Азия чемпионатында 1 алтын, 3 күміс және 5 қола түсті. Ел құрамасынан Фархат Зейнолла (50 кг) чемпион атанса, Бекнұр Амангелді (55 кг), Таңжарық Момынтай (60 кг), Заманбек Бақтығали (66 кг) күміс медаль алды. Ал Әбіш Пердалы (50 кг), Аслан Ерғалиев (55 кг), Зере Талғатқызы (40 кг), Аяжан Ринатқызы (48 кг) ...

    Read More »

    Бокстан ӘЧ: Қазақстан құрамасынан кімдер жартылай финалға шықты?

    Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем чемпионаты жартылай финалға жетті. Әзірше Қазақстан құрамасынан 8 спортшы ½ финалға шықты. Өзбекстан командасынан 9 боксшы жартылай финалда жұдырықтасатын болып отыр.  Қытайдың былғары қолғап шеберлерінен 6 спортшы шаршы алаңға шығады. Сонымен бірге жартылай финалда Бразилия мен Англиядан 4 боксшы, Ирландия, Түркия, Үндістан, Австралидан 3 спортшы, Әзербайжан, Тайпей, Польша, Испания, Жапония, Куба, ...

    Read More »