• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Хоккей

    Қазақ хоккейшісі АҚШ-та рекорд жасады

    АҚШ-та қазақ хоккейшісі Бексұлтан Мақыш «Бостон» хоккей академиясының U15 командасы құрамында 100 ұпайды жинады. Ол қарсыластар қақпасына 44 ойында 55 шайба салып, 45 рет командаластарының гол салуына көмектесті. Яғни, 45 рет ұтымды пас берді. Сонымен қатар 15 жастағы Бексұлтан БХА сапында бір маусымда ең көп шайба салған хоккейші атанды. Оған дейін Кэмерон Штель 47 шайба салып, рекордсмен болған еді. Бексұлтан ...

    Read More »

    Қазақстан хоккейден әлем чемпионатына қатысады

    10-16 желтоқсан аралығында Мажарстанның Будапешт қаласында хоккейден 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионаты болады. Бұл – IA дивизионы. Оған Сергей Старыгин жаттықтыратын Қазақстанның жастар құрамасы Австрия, Венгрия, Франция, Жапония мен Дания құрамаларымен ойнайды. Әдем чемпионатына қатысудағы мақсат – келесі жылы өтетін элиталық дивизионға жолдама алу. Қазақстан додаға 25 хоккейшіні апарады. Ал әлем чемпионатына 23 ойыншы (үшеуі қақпашы) тіркелуі керек. ...

    Read More »

    Қазақстан мен Ресей хоккейшілері төбелесті (ВИДЕО)

    Санкт-Петербург қаласында хоккейден Қазақстан мен Ресей құрамаларының ойыншылары Бейбарыс Оразов пен Андрей Матюшинмен жаға ұстасып,  төбелесіп қалды. Бұл матчта 20 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы Ресейдің 18 жасқа дейінгі командасынан үлкен есеппен жеңілді. Ойын аяқталар кезде Оразов Матюшинмен шекісіп, оны соқының астына алды. Жалпы, хоккейде төбелестер жиі болып тұрады. Хоккей тарихындағы ең ірі төбелес 1987 жылы КСРО мен Канада жастар құрамалары ...

    Read More »

    Дамир Ырысбаев: «Барысқа» қайтып барамын

    1990-2000 жылдардың басында «Егемен Қазақстан» газетінде «Қайда жүр екен, сол саңлақ?» деген айдар болатын. Онда газетке бұрын спортта жүрген азаматтардың немен айналысып, не істеп жүргендері туралы материал берілетін. Бүгін біз де осы дәстүрде жалғастырып, «Қайда жүр екен, сол саңлақ?» деп Астананың «Барыс» клубының бұрынғы ойыншысы Дамир Ырысбаевтың қазір қайда жүргенін, немен айналысып жатқанын білгіміз келіп, жан-жақтан сұрастырған едік. Қазір Дамир ...

    Read More »

    Хоккейден ӘЧ: Қазақстан қақпасына салынған шайба дауға айналды (ВИДЕО)

    Хоккейден Қазақстанның ерлер құрама командасы әлем чемпионатындағы соңғы матчын өткізді. Соңғы ойында ұлттық құраманың хоккейшілері Словения командасымен кездесіп, 4:3 есебімен ұтты. Ал оның алдында Латвия құрамасымен ойында отандастарымыз 7:0 есебімен жеңілген болатын. Осы матчта Латвияның Қазақстан қақпасына салған үшінші шайбасы дауға айналды. Екінші кезеңнің басында Мартинш Дзиеркалс үшінші шайбаны соққанда, ол спортсүйер қауым үшін өте даулы болып көрінген. Бірақ гол ...

    Read More »

    Шайбалы хоккейден ӘЧ: Қазақстан құрамасы бір ойынды жеңіп, екі матчта жеңілді (ВИДЕО)

    Бүгін шайбалы хоккейден әлем чемпионатының элиталық дивизионында Қазақстан құрамасы Канадамен кездеседі. Бұл матч Астана уақытымен 23.20-да басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Қазақстан құрамасы В тобында сынға түсіп жатыр. Бұған дейін ұлттық құрама  буллиттен Норвегияны 4:3 есебімен жеңген болатын.  Одан кейін Чехиядан 1:5, Швейцариядан 0:5 есебімен ұтылды. Ал Канада әлем чемпионатында Латвияны 6:0, Словенияны 5:2 есебімен ұтса, Словакияны буллиттен 2:1 есебімен ...

    Read More »

    Астанада хоккейден халықаралық турнир басталды

    Астанада хоккейден халықаралық Qazaqstan Hockey Open 2023 турнирі басталды. 7 мамырға дейін өтетін турнирге Қазақстан, Ресей және Беларусь командалары қатысады. Қазақстан құрамасы кеше кешке алғашқы матчын Ресейге қомандасына қарсы өткізді. Бүгін Беларусь құрамасымен кездеседі. Бұл халықаралық турнир Қазақстан хоккейшілері үшін әлем чемпионаты алдындағы дайындықтың бір кезеңі ретінде қарастырылып отыр. Ал 13 мамырда Қазақстан ұлттық құрамасы Финляндияның Тампере және Латвияның Рига ...

    Read More »

    «Барыс» хоккейшілері 279 млн теңгеге дейін жалақы алады

    Ресейдің «Спорт-Экспресс» порталы алғаш рет Құрлықтық хоккей лигасында ойнайтын барлық хоккейшінің жалақысын жариялады. Мысалы, соңғы маусымда «Барыс» хоккей клубында ең көп жалақыны Линден Вей мен Никита Михайлис алған. Екеуі де 50 миллион рубль (қазіргі курспен 278,73 миллион теңге) тауыпты. Одан кейін Алекс Грант – 45 млн рубль (250,85 млн теңге), Майкл Шапю – 26 млн рубль (144,94 млн. теңге), Крис ...

    Read More »

    Ресейлік хоккейші Қазақстан азаматтығын алуға мәжбүр болды

    Хоккейші Дмитрий Гурков Ресей азаматтығынан бас тартты. Қазақстан құрамасында ойнап жүрген 26 жастағы спортшы мұндай қадамға әлем чемпионатына қатысу үшін барған. Sportbox-тің хабарлауынша, Дмитрий Гурков бұған дейін қос азаматтықпен (Ресей, Қазақстан) жүрген. Бірақ әлем чемпионатынан Ресей мен Беларусия құрамаларының шеттелуі оның «киын шешім қабылдауына» алып келген. Ақырында ол Қазақстан азаматы паспортымен ғана қалып отыр. «Шабуылшы Азия елінің заңнамасына байланысты тек ...

    Read More »

    ҚХЛ-да Қазақстан құрамасының қорғаушысы төбелесіп қалды

    Хоккейден Гагарин кубогы турнирінің жартылай финалында Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы, «Авангард» клубының қорғаушысы Виктор Сведберг пен «Ак Барс» командасының капитаны Александр Радулов төбелесіп қалды. Bassport.kz сайтының мәліметіне қарағанда, матчтың екінші кезеңінде Радулов ойын таяғымен Федор Малыхинді белінен ұрған. Оны Виктор Сведберг байқап, командаласын қолдағысы келіп, Радуловпен жаға ұстасып қалған. Содан кейін олар төбелескен. Осы төбелес үшін Радулов та, Сведберг те 2 минуттық ...

    Read More »