• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Қазақстан

    Денис Никиша Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлде жеңіп алды

    Бүгін Денис Никиша Польшаның Гданьск қаласында өтіп жатқан шорт-тректен Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Ұлттық құрама көшбасшысы 500 метрге жарыстың финалында тек Олимпиаданың үш дүркін жүлдегері Стивен Дюбуаға (Канада) есе жіберді. Үздік үштікті Польша спортшысы Михал Невински түйіндеді. Осымен Гданьск қаласындағы кезең мәресіне жетті.  

    Read More »

    Магомед Адиев Қазақстан азаматтығына қатысты ойын айтты

    Футболдан ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы, ресейлік маман Магомед Адиев әлі Қазақстан азаматтығын алатын ойы жоқ екенін ашып айтты. Ол Еуропа чемпионатына жолдама беретін матчтар аяқталған соң, Қазақстан футбол федерациясынан келісімшартты ұзарту туралы ұсыныс түспесе, өз Отаны – Ресейге қайтып кететінін жасырмады. Оның айтуынша, бар мәселе Қазақстан азаматтығын алуға тіреліп тұрған жоқ. Ол Қазақстанды Еуро-2024 турниріне шығарып, отандастарымызға үлкен сый ...

    Read More »

    Қиын топқа түстік – Магомед Адиев

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев Францияның Париж қаласында өткен 2024/25 жылғы UEFA Ұлттар лигасының жеребесінде қиын топқа түскенін мойындады. Қазақстан В лигасында Аустрия, Норвегия, Словения құрамаларымен бірге бір топқа түсті. Олар үшінші топта ойнайды. Бас жаттықтырушының айтуынша, Қазақстан үшінші топта мықты қарсыластармен күш сынасады. Дегенмен ұлттық құрама бәсекенің қиын болатынына қарамастан әрбір ойынды жеңу үшін алаңға шығады. ...

    Read More »

    Странджа турнирі: Қазақстанның 6 боксшысы жеңіске жетті (ВИДЕО)

    Болгарияның астанасы -София қаласында қалыптасқан дәстүр бойыншы жылдың осы мезгілінде боксшылардың Странджа кубогы жолындағы турнирі болады. Биыл да бұл жарыс 4 ақпанда 75-рет жалауын көтерді. Қазақстан бокс федерациясының хабарлауынша, 12 ақпанға дейін болатын дүрмекті додаға елімізден 10 салмақ бойынша былғары қолғап иелері қатысып жатыр. Жалпы, халықаралық турнирге әлемнің 28 елінен 178 спортшысы қатысуда. Турнирге ұлттық құраманы бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов ...

    Read More »

    Дзюдодан Қазақстан мен Өзбекстан Олимпиадада қанша медаль алды?

    Қазақстан ұлттық құрама командасы 4 медаль (2 күміс, 2 қола) алды. Қытай-2008: Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Асхат Житкеев (100 кг). Бразилия-2016: Рио-де-Жанейро Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов (60 кг); Рио-де-Жанейро Олимпиадасының қола жүлдегері Голбадрах Отонцецег (48 кг). Жапония-2020: Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Елдос Сметов (60 кг).   Өзбекстан ұлттық құрама командасы: 7 медаль (2 күміс, 5 қола) алды. АҚШ-1996: Атланта ...

    Read More »

    Аустралияда велоспорттан Ұлттар кубогы басталды

    Бүгін Аустралияның Аделаида қаласында тректегі велоспорттан Ұлттар кубогы басталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Қазақстан сапынан үш спортшы сынға түседі. Олар — Рамис Дінмұхаметов, Сергей Пономарев, Андрей Чугай. Әлемдік додаға 49 елден 291 спортшы қатысады. Жарыс екі күн болады. Оған ұлттық құраманы ерлер құрамасының аға жаттықтырушысы Иван Сиваш бастап барды.

    Read More »

    Дэвис кубогы: Қазақстан құрамасы Аргентинаға аттанды

    3-4 ақпанда Аргентинаның Росарио қаласында теннистен Қазақстанның ерлер құрамасы мен оыс елдің командасы арасында Дэвис кубогы жолындағы іріктеу матч болады, деп хабарлады  Telegram-дағы RRaketkasi. Командалар «Жокей Клуб де Росарио» топырақ төсенішіндегі кортта ойнайды. Қазір Қазақстан құрамасы Аргентинада матчқа дайындалып жатыр. Жаттығуға кірісіп кетті. Аргентинаға команданы Юрий Щукин бастап барды. Ол — команданың капитаны.  Құрамада Денис Евсеев, Тимофей Скатов, Дмитрий Попко ...

    Read More »

    Футболдан Қазақстан құрамасы Түркіменстанмен жолдастық матч өткізеді

     Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың Түрікменстан командасымен жолдастық кездесу өткізетіні туралы хабарлады. Ұлттық құрама 8 наурызда УЕФА Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінің жартылай финалында Грекиямен өтетін ойын алдында Дубайда оқу-жаттығу жиындарын бастайды. Ал 14 наурызда Түрікменстан құрамасына қарсы жолдастық ойын жоспарланып отыр. Еліміздің бас командасының Грекияға қарсы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінің плей-офф матчы 21 наурызда Афина қаласында болады. Бұған дейін Қазақстан мен Түрікменстан ...

    Read More »

    Футболдан ЕЧ: Қазақстан құрамасы«Төрттік турниріне» дайындықты бастады

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатына жолдама беретін матчтарға дайындықты бастап кетті. Еліміздің бас командасы оқу-жаттығу жиынын Түркияда емес, Біріккен Араб Әмірліктерінде өткізетін болып шешілді. Құрама команда БАӘ-де 8 наурызда жиналып, 14 наурызда Түрікменстан құрамасына қарсы жолдастық матч өткізеді. Қазақстан құрамасы Араб Әмірліктерінде Еуропа чемпионатына Ұлттар лигасы арқылы берілетін жолдаманы алу үшін дайындалады. 21 наурызда «Төрттік турнирінде» сырт алаңда Грекиямен ...

    Read More »

    IV Қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы басталды (ВИДЕО)

    Оңтүстік Кореяның Канвондо провинциясында IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы ресми түрде басталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Олимпиаданың ашылу салтанаты 8 мың адам сиятын Купол Ёнпон спорт кешенінде болды. Бұған дейін Купол Ёнпон сарайы 1999 жылы IV қысқы Азия ойындарының ашылу және жабылу рәсімдерін өткізген еді. Спортшыларды Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль мен ХОК басшысы Томас Бах құттықтады. Іс-шарада ...

    Read More »