• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан футбол федерациясы

    Футболдан ЕЧ: Қазақстан құрамасы«Төрттік турниріне» дайындықты бастады

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатына жолдама беретін матчтарға дайындықты бастап кетті. Еліміздің бас командасы оқу-жаттығу жиынын Түркияда емес, Біріккен Араб Әмірліктерінде өткізетін болып шешілді.

    Құрама команда БАӘ-де 8 наурызда жиналып, 14 наурызда Түрікменстан құрамасына қарсы жолдастық матч өткізеді.

    Қазақстан құрамасы Араб Әмірліктерінде Еуропа чемпионатына Ұлттар лигасы арқылы берілетін жолдаманы алу үшін дайындалады.

    21 наурызда «Төрттік турнирінде» сырт алаңда Грекиямен матч болады. Екінші жартылай финалда Грузия мен Люксембург кездеседі. Осы матчтарда жеңген командалар бір-бірімен финалда кездесіп, ойынды жеңген құрама Еуропа чемпионатына жолдама алады. Егер Қазақстан құрамасы Грекия командасын жеңсе, онда өз алаңында Грузия-Люксембург матчында жеңген жасақпен кездеседі. Бұл мүмкіндік еліміздің бас командасына 2022/2023 жылдардағы маусымда Ұлттар лигасындағы С тобында бірінші орын алғаны үшін беріліп отыр.

    Қазірге дейін құрлықтық доданың финалдық сатысына Франция, Португалия, Бельгия, Испания, Шотландия, Түркия, Англия, Аустрия, Венгрия, Словакия, Албания, Дания, Нидерланд, Швейцария, Румыния, Сербия құрамалары шықты. Ал Германия чемпионатты ұйымдастырушы ел ретінде іріктеусіз қатысады.

    Ұлттық құрама Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде ұлттық құрама  Дания (3:2) мен Финляндия (1:0) командаларын бір мәрте жеңсе, Cолтүстік Ирландия (1:0, 1:0) мен Сан-Марино (3:0, 3:1) құрамаларынан екі рет басым түсті. Дания (1:3), Словения (1:2), Финляндияға (0:1) есе жіберді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *