• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Алматыда БАҚ өкілдеріне экологиялық журналистика бойынша курс өтті

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универститетінің 90 жылдық мерейтойына орай «Қазақстандағы экожүйені сақтау және қалпына келтіру: масс-медиа мен әлеуметтік желілердің ықпалы» атты ІІІ журналистерге арналған экологиялық журналистикаға арналған біліктілікті арттыру курсы өз жұмысын аяқтады.  Іс-шара Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылды. 

    Биыл үшінші рет өтіп отырған іс-шараға БАҚ өкілдері, журналистер, медиа мамандары, Үкіметтік емес ұйым өкілдері, журналистика факультетінің студенттері, магистрантаттары мен PhD докторанттары қатысты.

    Іс-шарада  климаттың өзгеруімен күресудегі медиа құралдарының қызметі, экологиялық проблемаларды шешудегі әлеуметтік медианың ықпалы және Тұрақты даму мақсатында экологиялық серіктестіктің Қазақстанның көміртегі бейтараптығына қол жеткізудегі халықаралық міндеттемелер талқыланды.

    Жиынды Журналистика факультетінің деканы Темірғали Көпбаев ашып, семинарға қатысушыларға БАҚ-тағы жиі көтеріліп жүрген экологиялық проблемалар өз нәтижесін беретін болады деген сенімін білдірді. Ол өз сөзінде БАҚ және әлеуметтік медианың еліміздің экологиялық мәселелерін көтеру арқылы қоғамның назарын аударуға жаңа білім мен ақпараттық дағды жинаудың маңызды. Үш жыл қатарынан республикалық баспасөз, ақпараттық сайттар мен телеарналарда экологиялық проблемаларға арналған мақалалар, сюжеттер жариялап, қолдау білдірген  БАҚ өкілдеріне алғыс айтты.

    Курстың ашылуында БҰҰ Ақпарат бюросының басшысы – БҰҰ Жаһандық коммуникация  департаменті Өкілі Властимил Самек сөз алды:

    Құрметті университет студенттері, оқытушылары мен басшылары! Сіздерді Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығымен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Бүгін бүгінгі іс-шара БҰҰ күнтізбесі бойынша Халықаралық білім күнімен сәйкес келіп отыр. Расында да, білім берудің бейбітшілік пен дамуға қол жеткізудегі рөлі зор. Біз үшінші жыл бойы Қазақстанда экожүйені тұрақты даму мақсатына қарай сақтау және қалпына келтіру тақырыбын талқылап келеміз. Өйткені, экологияны сақтау тақырыбы ең маңызды тақырыптардың бірі. Біз күн сайын айналамызда экологиялық мәселелермен бетпе-бет ұшырасамыз. Бұл бүкіл адамзат үшін қауіп төндіретін жаһандық мәселе.  Ең алдымен, біз халықты бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде өңірдің экологиясын сақтау мәселелері туралы хабардар етуге тиіспіз. Экологиялық ойлауды қалыптастыруда университеттер ерекше орын алады. Экология мен қоршаған ортаға дұрыс көзқарасты қалыптастыру үшін деректердің сенімді болуы және ресми деректерге негізделуі қажет, — деді БҰҰ өкілі.

    2021 жылдан бері Журналисткиа факультетінің Баспасөз және электронды БАҚ және География және табиғатты пайдалану факультетінің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрларының ұйымдастырумен 100-ге жуық БАҚ мамандары экологиялық салада маманданған журналистерге арналған дәрістерді тыңдап, экологиялық білімдерін арттырды.

    Сондай-ақ, журналистер жаһандық климаттың өзгеруі және жергілікті экологиялық проблемаларды зерттеуде зертханалық сынамалар алудың әдістерін үйренді.

    Шара барысында «Қазақстандағы экологиялық және климаттық өзгерістер» атты кітаптар, баспасөз  және фото көрме ұйымдастырылады.

     

    Гүлмира СҰЛТАНБАЕВА,

    АЛМАТЫ

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *