Астанада жеңіл атлетикадан World Indoor Tour Astana Indoor Meet турнирі аяқталды. Осы турнирде Давид Ефремов Қазақстан рекордын жаңартты.
Olympic.kz-тің хабарлауынша, Ефремов 60 метрге кедергілер арқылы жүгіруден өз рекордын жаңартты. Ол қашықтықты 7,59 секундта жүгіріп өтті.
Бұған дейін елдің ең үздік көрсеткіші 7.62 секунд болған. Финалда Ефремов мәреге төртінші болып келді.
Қазақстан командасы сапынан Надежда Дубовицкая үздік нәтиже көрсетті. Ол биіктікке секіруден күміс медаль жеңіп алды.
Астанадағы әлемдік турнирде дүниежүзінің 45 мемлекетінен 136 атлет бақ сынады. Жарысқа әлем рекордшылары, әлем чемпионаттары мен Олимпиада чемпиондары да қатысты.