• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Арқан тартыс федерациясы

    Арқан тартыс федерациясы жұмысын бастады

    Елімізде жаңадан құрылған Арқан тартыс федерациясы жұмысын бастады. Бұл ойын әлемнің 75 елінде ресми спорт ретінде тіркеліп, жүйелі жұмыс істеп келеді. Халықаралық арқан тартыс федерациясы халықаралық Олимпиада комитетімен танылып, бүгінде тасы өрге домалаған спорт түрі болып отыр.

    Арқан тартыс федерациясының мәліметіне қарағанда, арқан тартыс Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының негізгі бағдарламасына енген.

    Жақында жаңадан құрылған республикалық федерация президенті болып Еркебұлан Ілиясов тағайындалды.

    Ол Alageum Electric директорлар кеңесінің төрағасы, «Қазақстанның электр машиналарын жасау қауымдастығы» ЗТБ басқарма төрағасы, YPO Kazakhstan мүшесі. 2023 жылдан берi «Жамбы ату федерациясы» РҚБ президентi қызметiн атқарып келедi.

    Федерацияның даму бағыты бойынша вице-президенті болып Қазақстан Респуликасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, спорт қайраткері Нұрлан Жабаев, ұйымның спорт жөніндегі вице-президенті қызметіне Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының директоры Бақдаулет Сәбитов тағайындалды.

    Тауя арада федерация Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына арқан тартыстан қатысатын ел құрамасын жасақтауды көздеп отыр. Осыған орай еліміздің бес аймағында іріктеу жарыстар өтеді.

    Жарыс ІІ кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде аймақтық жарыстар болады. Онда орталық, солтүстік, шығыс, батыс, оңтүстік өңірлерде іріктеу сайыстар ұйымдастырылады.

    Екінші кезеңде осы іріктеу додаларында жеңген командалара финалда күш сынасады.

    Әр аймақтық іріктеуде жеңімпаз атанған командалар финалдық кезеңге жолдама алады. Орталық аймақтың іріктеу сыны 13 ақпанда Астанада, Солтүстік аймақтың іріктеу жарысы 17 ақпанда Көкшетау қаласында болады. Сол сияқты 20 ақпанда Семейде Шығыс өңірінің іріктеу турнирі,  24 ақпанда Атырауда  Батыс өңірдің бәсекесі, 28 ақпанда Тараз қаласында Оңтүстік аймақтық іріктеу додасы болса, 6-7 наурызға финал жоспарланып отыр. Ол әрине, Астанада болады, — делінген хабарламада.

    Ерлер арасында арқан тартысына 8 спортшы, 2 алмастырушы спортшы қатысады. Олардың бәрін қосқанда команданың салмағы 720 келі болуы тиіс. Әйелдердің арқан тартысына да 8 спортшы, 2 алмастырушы спортшы қатыстырылады. Барлық спортшының салмағын қосқанда 560 келі болуы керек.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *