• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Sportbox

    Азия кубогы: Тәжікстан ширек финалға шықты (ВИДЕО)

    Катарда футболдан өтіп жатқан Азия кубогында сенсация болды. Тәжікстан құрамасы 1/8 финалда Біріккен Араб Әмірліктерін пенальти сериясында жеңіп, ширек финалға шықты.

    Осы додаға Тәжікстан құрамасы алғаш рет қатысып жатыр. Тәжік елінің футболшылары Азия кубогы жолындағы турнирде плей-оффқа өз тобында алаң иелері -Катарды ғана алға жіберіп, екінші орынмен жолдама алған еді. Енді міне, Орта Азия командасы БАӘ-мен ойында негізгі уақытта 1:1 есебімен тең тарқасып, пенальти сериясында 5:3 есебімен басым түсті.

    Енді бас жаттықтырушы Петар Шегрттің командасы Ирак пен Иорданияның ұлттық құрамалары арасындағы мачтың жеңімпазымен кездеседі. Матч бүгін болады. Бүгін Катар мен Палестинаның құрамалары да кезедседі.

    1/8 финалдың басқа ойындарында Аустралия Индонезияны 4:0 жеңді. Аустралия ширек финалда Сауд Арабиясы-Оңтүстік Корея матчында жеңген командамен ойнайды. Бұл матч 30 қаңтарда болады.

    31 қаңтарда Бахрейн мен Жапония, Иран мен Сирия командалары күш сынасады.

    10 ақпанда финал болады. Сол күні сарықұрлықтың биылғы кубогының иегері анықталады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *