• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Көкпар

    Америкалық ковбойлар Астанаға келді

    Бүгін Ұлттық спорт күні таңертеңгі сағат 10:00-де Астанадағы «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінде көкпардан АҚШ пен Қазақстан құрамаларының ойыны басталды. Бұл ойынға АҚШ-тан америкалық ковбой Лэдд Хауэлл мен Кейси Филд келді. Лэдд Хауэлл — америкалық команданың капитаны. Қазақ құрамасын алаңға белгілі көкпаршы Құрманбек Тұрғынбек бастап шықты. Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында ұйымдастырылған додаға АҚШ-тан журналист, фотограф әрі режиссер Джейсон Мотл да келді. ...

    Read More »

    Көкпардан Қазақстан чемпионаты аяқталды (ФОТО)

    Қостанай қаласында Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы мен Қостанай облысының әкімдігі ұйымдастыруымен көкпардан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. Еліміздің 15 өңірінен келген 2006-2008 жылы туған жасөспірімдер командалары өзара ең мықтыны анықтады. Алты күн бойы Қостанай атшабарын додаға айналдырға дүбірлі жарыста ұлттық ойынның жаңа да жас буыны қалыптасқаны анық көрінді. Чемпионатта ...

    Read More »

    «Кім істегенін білмеймін»: Бейбіт Ыстыбаев аяғының төрт жерден сынғанын айтты

    «Қазақстан Барысы» турнирінің бірнеше дүркін жеңімпазы, қазақ күресінен әлем және Азия чемпионы Бейбіт Ыстыбаев сол аяғын сындырып алды. Бұл туралы ол Uaqyt.info сайтына берген сұхбатында айтты.  Балуанның айтуынша, ол бес айдан бері аяғындағы сынықты емдеп келеді. Белгілі балуан көкпарда жүргенде аяғын ат қағып кеткенін жасырмады. «Осыдан бес ай бұрын Жамбыл облысындағы ауылдардың бірінде көкпар болды. Ойынның соңғы жағында ат соғып, ...

    Read More »

    Қазақстан көкпардан халықаралық ойында жеңіске жетті

    Өзбекстанның Сұрхандария облысының Термез ауданында көкпардан өткен халықаралық ойында Қазақстан құрамасы жеңіске жетті. Бұл туралы uza.uz хабарлады. Өзбекстан Республикасы президентінің 2021 жылғы 5 тамыздағы «Сұрхандария облысында қарабайыр тұқымды жылқыларды өсіру және насихаттау сонымен қатар, ат спортын одан әрі дамыту шаралары туралы» шешімін іске асыру аясында көкпардан өткен халықаралық ойында Қазақстан құрамасы бірінші орынды жеңіп алды. Жеңімпаз командаға 100 млн сум сыйақы ...

    Read More »

    Тұмарлы тұлпар

    Күн ұясынан көтерілгенде атқорада тұрған ақбозат иесінің келуін елеңдей күтеді. Қолына жүгенін сүйретіп иесі қораға кіре бастағанда ақбоз кісінеп жіберді. Онысы «жеттің бе әйтеуір», дегенді білдіргендей. Құйрық-жалын сипай келіп, жүгенді мойынына сала бастағанда ақбоз ат  иесіне еміренеп жеңінен тартып еркелеп  қоятын. Бүгін де сол әдетін қайталады. Ергеш те  кезінде дүйім жұрттың дүлділді тұлпарына айналып, көкпардың айлалы арғымағы атанған ақбозын қайыра ...

    Read More »

    «Алтын тұғыр» – ұлттық спорт үздіктерін марапаттау салтанаты өтеді

    Ертең Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазмедиа» орталығының концерт залында Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен, «Nur-Otan» партиясының қолдауымен биыл жетінші мәрте «Алтын Тұғыр-2019» атты ұлттық спорт үздіктерін марапаттау салтанаты өтеді, деп хабарлады Ұлттық спорт қауымдастығы. Ұлттық спорт саласындағы үздіктердің мерейін көтеруді мақсат тұтқан бұл дәстүрлі марапаттаудың басталуына бір күн ғана қалды. Жетінші мәрте ұйымдастырылатын биылғы «Алтын тұғыр» сыйлығының иегерлері – 2019 жылғы ұлттық спорттың ...

    Read More »

    Астананың төңірегінде жаппай көкпардың жалауы желбіреді

    Соңғы жылдарда жаппай көкпар ұйымдастыру  еліміздің барлық өңірінде белең ала бастады. Жұртшылықты дәстүрлі ойын мен ұлттық спортқа қызықтыру, бұқаралық спортты жандандыру, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының аумағында ұлттық спорттың додасы бұған дейінгі уақытта да аз өткізілген жоқ. Сондай дүбірлі бәсекенің бірі елорданың іргесіндегі Талапкер ауылында 3 қараша күні тамашаланбақ. Бұл туралы Ұлттық спорт қауымдастығы хабарлады. Бұл жаппай көкпарды Хасеновтер ...

    Read More »

    Түркістанның жастары турнирде топ жарды

    Атақты көкпаршы Әбілхан Дауылбаевтың биылғы турнирінің жастар арасында ұйымдастырылғаны туралы ақпарат бұдан бұрын жарияланған болатын. Бүгін осы турнирдегі үздік көкпар командалары анықталды. Бұл туралы Ұлттық спорт қауымдастығы хабарлады. Жастарды ұлттық спортқа қызықтыру, даңқты көкпаршының мерейін көтеру мақсатында Шымкент қаласында көкпардан төртінші рет өткізілген турнирдің жеңімпазы – Түркістан командасы болды. Жарысқа барлығы 8 команда, атап айтқанда, Алматы облысы, Алматы қаласы, Маңғыстау ...

    Read More »

    Түркістан облысында атақты көкпаршының турнирі өтеді

    2019 жылғы 26 қазан мен 2 қараша аралығында атақты көкпаршы, КСРО чемпионатының 9 дүркін чемпионы, командалық көкпар ойынының негізін қалаушылардың бірі Әбілхан Дауылбаевтың турнирі өтеді. Бұл туралы Ұлттық спорт қауымдастығы хабарлады. Көкпардан жастар арасындағы республикалық ашық турнир Түркістан облысы, Шымкент қаласындағы атшабарда тамашаланады. Даңқты көкпаршы атындағы жастар турниріне еліміздің көптеген өңірінің командалары қатысады. Еске сала өтелік, Әбілхан Дауылбаевтың турнирі бұған ...

    Read More »

    Оңласын атбегі өмірден озды

    Жетісу өңіріне атбегілік өнерімен танымал болған Оңласын қария   фәниден бақиға аттанды, деп хабарлады Ұлттық спорт қауымдастығы. Саналы ғұмырын асыл тұқымды жылқы бағумен өткізген тәжірибелі атбегі, кәнігі шабандоз туралы кеңінен сөз қозғауды алдағы күндердің еншісіне қалдырдық. Ал,  Жетісу өңіріне есімі мәшһүр Əбіқай Жапаров, Нəркен Қалыбеков сынды атақты атбегілерден тәлім алған Оңласын ақсақалдың өнегелі өмірі ықшамдай айтқанда төмендегідей өріледі. Оңласын  САТЫБАЛДЫҰЛЫ – ...

    Read More »